
Шығыс Қазақстандағы дәстүрлі облыстық Спартакиаданың аймақтық жарысы
Шығыс Қазақстан облыстық білім беру және ғылым қызметкерлерінің Халықаралық «ЭКСПО» көрмесіне арналған облыстық V Спартакиадасының 2 - кезеңінің аймақтық жарысы өтті.
Жылда ұйымдастырылатын спартакиада тек қана спорт жарысы емес, сонымен қатар әр ауданның білім саласының қызметкерлері өзара араласып, танысып-білісіп, кейбір проблемаларына ортақ ой бөлісулеріне де себепші болған спорт мерекесіне айналды.
Аймақтық жарыс үш ауданға бөлінді. Зайсан қаласында - Тарбағатай, Зайсан және Күршім аудандарынан, Қ.Қайсенов кентінде - Ұлан, Глубокий, Шемонаиха аудандары, Өскемен қаласында - Зырян, Катон, және Өскемен қаласының командалары өзара жарысты.
Байрақты бәсекеде бірінші орыны иеленген Өскемен қалалық, Ұлан аудандық және Тарбағатай аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдары финалға шықты.
Барлық жүлдегерлер облыстық білім беру және ғылым қызметкерлінің кәсіподақ ұйымының мақтау қағаздарымен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Облыстық үздік үштіктің қатарына енудің өзі үлкен жетістік. Қызу тартысты өткен жарыстың нәтижесінде жүлдегерлер атанған Өскемен қалалық, Ұлан және Тарбағатай ауданының командалары ақтық ойынға жолдама алып енді облыста өнер көрсетеді.
Барлық жарысқа қатысушылардың жағдайы ұйымдастырылды. Нағыз спорт мейрамына айналған дәстүрлі спартакиадаға қатысқандарына жан-жақтан жиналған ойыншылар разы болып көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.
-
Фотографии
-