Кәсіподақтан қайырымдылық көмек
2017 жылдың сәуір айында Ақтөбе қаласының жан-жағындағы өзендердің арналарынан көтеріліп, көптеген жерлерді су тасқыны басуына байланысты көп халық баспаналарынан, мүліктерінен айырылып, қиналып қалды. Соның ішінде білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы мүшелерінің жанұялары бар.
Кәсіподақ қай кезде де жұртшылықтың қиналысымен ортақтасып, әсіресе табиғаттың тосын жағдайларынан зардап шеккен адамдарға көмек қолын созудан тыс қалмаған.
Осы себептерге байланысты, 2017 жылдың 17 мамыр күні су тасқынан зардап шеккен кәсіподақ мүшелеріне «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі тарапынан қайырымдылық жәрдем көрсету шарасы ұйымдастырылды. Бұл шараға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы төрайымының орынбасары Мукашева Айгүл Мақсатовна қатысып, зардап шеккендерге қаржылай көмекті өз қолымен табыстады.
Су тасқынынан зардап шеккен кәсіподақ мүшелеріне қайырымдылық жәрдем көрсету аясында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі және аудандық білім қызметкерлері кәсіподақтары қайырымдылық көмек ретінде ақшалай қаржылар бөліп, зардап шеккен 26 кәсіподақ мүшесінің әрқайысына 70000 теңгеден көмек қолын созды. Барлығы 1 миллион 820 мың теңге.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-