
Үздіктердің үздігі
Жылдың ең шуақты, ең әдемі көктем мезгілінде Ақмола облысы Целиноград ауданында мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін сынайтын«Үздікпедагог»конкурсын өткізу дәстүрі 2017 жылы да назардан тыс қалмады.
Бұл кәсіби байқаудың берері мол болды. Әр мұғалім әртүрлі пәндерді оқытады, кәсіби біліктілігі мен еңбек өтілі әртүрлі, бірақ, барлығының мақсаты бір – өз оқушыларын сапалы оқыту мен жақсы тәрбиелеу.
Қатысушылар сабақ жүргізіп, өздерінің әдістемелік жұмыстарының жүйесін ғана емес, сонымен қатар бейтаныс сыныппен жылы қарым-қатынастарын көрсетті. Әділ қазылардың әділ шешімімен: 3-орынды Ж.Т. Байсеркеева (қазақ тілі және әдебиет мұғалімі № 3 Талапкер мектебі), 2-орынды Б.Е. Айдосова (қазақ тілі және әдебиет мұғалімі № 5 Ақмол мектебі) иеленсе, сайыстың басты жеңімпазы болып № 26 мектебінің тарих пәні мұғалімі болып Қабдрахманова Гүлзада Манапқызы танылды.
Целиноградкәсіподақ ұйымының төрағасы К.Сатбалдин