
Мектепке дейін білім беру мекемелерінің тәрбиелеушілеріне арналған «Үздік педагог - 2017» аудандық байқауы
Ақмола облысында Есіл қаласының «Балбөбек» балабақшасында мектепке дейін білім беру мекемелерінің тәрбиелеушілеріне арналған «Үздік –педагог 2017» байқауы өткізілді. Байқау – ол өзін көрсету мүмкіндігі, басқа тәрбиелеушілерге өз жетістіктерін, тапқан олжаларын көрсету, басқа педагогтардың тәжірибесіннен керектіні алу, біліммен алмасу.
Байқауға 7 тәрбиелеуші қатысты.
Қатысушыларға берілген бірінші кезең ол «Менің кәсіби ұстанымым» өзін таныстыру презентациясы. Қазылар алқасына келесі критерилерге сай әрбір қатысушының өзін-өзі таныстыру нөмірлерін бағалау қажет болды: көрсетілген нөмірде мамандық ерекшілігі көрсетіліуі тиіс, креативтілік, әртістік, музыкалық сүйемелдеу, сыртқы және ішқі педагогикалық мәдениеттің болуы.
Екінші кезең – «Мастер-класс» (балалармен өткізілетін сабақты көрсету).
Байқауға қатысушылар мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыстың әдістері мен тәсілдерін мұқият таңдады, сонымен қоса олар өздері дұрыс санайтын кез келген бағытты таңдай алды. Жюри байқауға қатысушыларды белгілі критерилерге сай бағалады. Сабақ үстінде инновациялық әдістерді, технологияларды және жоспарларды қолдануы бақыланды, педагогикалық техника және педагогикалық шеберлік те бақылау үстінде болды. Сонымен қоса, тәрбиеленушілердің интеллектуалды-шығармашылық өз ойын блдіруге жағдайлардың бар жоғы қарастырылды, ашық сабақтың ұйымдастырылуының ерекшелігі және мазмұны да бағаланды.
Және байқаудың соңғы кезеңі «Шығармашылық зертхана» (қатысушы өз қызметінің көркемдігі, авторлық, ғылыми-әдістемелік сабақ әзірлемелері, оқу бағдарламалары, құралдары, оқу-әдістемелік жинақтары және т.б.сыныптан тыс жұмысы, жалпы өз тәжірибесі жайлы фото, бейне материалы).Қатысушылар берілген тақырыптың әдістемелік және практикалық қажеттілігін түсіндірді.
Байқаудың әр кезеңі өткен сайын, шыншылдыққа көз жеткізу үшін, қойылған ұпайлар айтылып, үлкен экранға көрсетіліп отырды, ол қатысушылар мен қонақтарға байқау нәтижесін көріп отыруларына мүмкіншілк тудырды.
Жинаған ұпайлары бойынша қатысушылардың дәрежелерін анықталды:
Гран-При (30,63 ұ.)- Каппасова Гульнара Каиркеновна, №1 «Гульдер» балабақшасы;
1 орын (29,63 ұ.)- Наумкина Татьяна Сергеевна, №1 «Гульдер» балабақшасы;
2 орын (28,26 ұ.)- Гах Валентина Викторовна, «Қарлығаш» балабақшасы;
3 орын (27,38 ұ.- Толеубаева Айдана Байболовна, №2 «Болашақ» балабақшасы;
«Алтын тәжірибе» номинациясыТулеубаева Н.И., №3 «Балбөбек» балабақшасы;
«Тәрбиелеуші - зерттеуші» номинациясы- Наумчик- Федченко Н.А., №2 «Болашақ» балабақшасы;
«Жеңіске ұмтылыс»тноминациясы- Унгефуг М.М., «Айналайын» балабақшасы.
Есіл кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Ашенов
-
Фотографии
-