
12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күні
Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 11 мамыр күні 326 аудиторияда 12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне арналған дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстел қонақтары: Назарбаева А.С. – Ақтөбе облысының мейірбикелер ісін дамыту орталығы орынбасары. 1971 жылы Дүниежүзілік Медбикелер Кеңесінің ұйғарымымен бастау алып, содан бері Медбикелер күні деп аталып келе жатқан осы күнді ресми мереке ретінде атап өту бүгінде дәстүрге айналды. 12 мамыр – медбике ісінің негізін салушы, ағылшын медбикесі Флоренс Найтингейлдің туылған күні. Флоренс Найтингейл Қырым соғысы кезінде (1853-1856) тұңғыш болып мейірбикелер қызметін ұйымдастырған. Сондықтан Халықаралық Мейірбикелер кеңесі осы даңқты әйелді мәңгілік есте қалдыру мақсатында 12 мамырды Халықаралық мейірбикелер күні деп қабылдап, сол жылдан бері осы күн денсаулық сақтау саласында ерекше мереке ретінде тойланып келеді. Университеттің студенттік емханасы 1999 жылдан бастап өз тарихын бастайды. Профилактикалық-емдеу жұмыстарын талапқа сай жүргізу үшін студенттік емхана толықтай жасақталған. Студенттік емханада 20 дәрігер, 14 мейірбикелер қызмет етеді. Барлығы да 1-ші немесе жоғары категория иесі. Осындай еңбекті бағалап «Ең үздік мейірбикелерді» университет ректоры Б.А.Ердембеков және кәсіподақ ұйымы құрмет грамотасымен, ақшалай сыйақымен және ЕХРО-ға билетпен табысталады. Олар:
- Ә.Е.Ерниязова
- Г.Қ.Тлеубергенова
- Ф.Д.Сайжанова
- Н.Ж.Дүсіпова
- Қ.А.Бисенғалиева
-
Фотографии
-