
Жылдағы үрдіс бойынша
Жыл сайын Жеңіс мерекесі қарсаңында Ақтөбе облысы Темір аудандық білім қызметкрлерінің кәсіподақ ұйымы білім саласында еңбек етіп, зейнетке шыққан ардагерлерге құрмет көрсетуді үрдіске айналдырған. Ардагерлерге құрмет көрсетіп қана қоймай, ыстық ықыластарымен қатар қаржылай сыйлық беріп Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап келеді.
Жылдағы үрдіс биыл да жалғасып,Темір аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы білім беру саласында 42 жыл қызмет атқарған Қалмағанбетова Жаныхан апайдың шаңырағында болды. Жаныхан апай осы жылдар ішінде білім саласында сан алуан өзгерістер мен жаңа кешенді жүйелер өндіріске енгеніне куә болған. Кемшін тұстар кемелденіп, жетістіктер арта түскенін де көзі көрген. Бүгінде білім саласындағы осынау жетістіктер түрлі қиыншылықтарға төзе білгеніміздің арқасы деген ұстазымыз талай өрендерге сапалы білім беріп, мектеп атты алтын ұядан қанаттандырды. Бүгінгі таңда олар бір-бірімен маман иесі атанып, ел игілігі үшін өз үлестерін қосып келеді.
Осынау уақыт ішінде көптеген педагогтар зейнеткерлікке шығып, олардың орнына жас ұстаздар келіп, жасампаз дәуірді жаңарту үстінде. Білім беру жүйесі де жетіліп, заманауи бағдарламалар да өмірге келуде. Көштен қалмай әлемдік үлгі қалпымен болашаққа беттеп барамыз. Бұл заман талабы.
Ақтөбе облысы, Темір ауданы,аудандық білімбөлімі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымыД.Қалиева