«Бүкіләлемдік еңбекті қорғау» күн
Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына жауап беретін жағдайда еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды. Аталмыш күнге орай, Ақмола облысында Қорғалжын ауданы білім беру мекемелерінде бір қатар шаралар өткізілді.
Қорғалжын мектеп-гимназиясының оқытушылары әр мерекенің құрметті қонағы болып тұратын зейнеткер ұстаздардың үйінің ауласын тазартып, күл-қоқысты жинап, жазғы уақыттың қамын ойластырып, жеміс-жидек отырғызу үшін бау-бақшаларын дайындады. Сонымен қатар, педагогтар арасында«еңбекқорғау сағаты»өткізілді.
Қорғалжын аудандық Білім бөлімінің кәсіподақ ұйымы «Бүкіләлемдік еңбекті қорғау» күніне орай қызметкерелер арасында пікірталас өткізіп, өндірістік жағдайда жарақат алған жұмысшылыр жөнінде бейне ролитер мен суреттер көрсетілді.
Арықты орта мектебінде дөңгелек үстел өткізіліп, отырысқа мұғалімдер мен мектеп жұмыскерлері қатысты. Отырыста қаралған мәселелер:
1.Айлық еңбекақының деңгейінің төмендігі
2.Жылу беру жүйесінің қызметкерлеріне арнайы киіммен қамтамасыз ету
3.Еңбекақы, жұмыс уақыты жөнінде
4.Еңбек қауыпсіздігі жөнінде және т.б мәселелер талқылынды.
Еңбекті қорғауды кең және тар мағынада түсінуге болады. Кең мағынада еңбекті қорғау дегеніміз бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Осы орайда «Бүкіләлемдік еңбекті қорғау» күніне байланысты ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулілерге және зейнеткер ұстаздарға мектептегі әріптестерінен көмек көрсетілді. Атап айтсақ, Дружба орта мектебінің ұстаздар қауымы Бейсенова Орал Сейітқызына жылда көрсететін көмегін көрсетіп отынын жарып, ағаш түбіндегі, үйінің ауласындағы қоқыстарды жинап, шартақ құрып, ағаш діңін ақтап, жазғы мезгілге даярлық жұмыстарын жүргізді, сонымен қатар Сабынды орта мектебі қызметкерлер арасында жиналыс өткізіп, көптеген мәселелер талқылынды:
Кәсіподақтың міндеті білім саласындағылардың еңбегін, олардың ар-ожданын қорғау болып табылғандықтан, заңға сәйкес жан-жақты қамқорлық жұмыстары жүргізіледі. Мұндай ауыр жүк жүктелген ауданымызда 19 білім ошақтарының бастауыш кәсіподақтары адал еңбектенуде. Оларға бүгінгі күнге қойылған барлық сұрақтар, облыстан түскен бұйрықтар уақытылы, бұлжытпай орындалуда. 28 сәуір «Бүкіләлемдік еңбекті қорғау» күніне байланысты әр мектепте жиналыс өткізіліп, еңбекті қорғау – өндірістік қауіпті жағдайларды және кәсіптік зияндарды зерттейтінін, оларды болдырмау шараларын және оқыс жағдайлардың, кәсіптік аурулардың алдын алу тәсілдерін қарастыру жақтары түсіндірілді. Сонымен қатар мектептерінде еңбек атқарып, төтенше жағдайларға байланысты мүгедек тобына енгендерге, зейнеткер ұстаздарға үй шаруашылығы бойынша бірауыздан қолұшын беруді құптап, көзделген шаралар өткізілгені жөнінде аудан орталығына мәлімет берілді.
Ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарға бір күндік көмек қана көрсетіліп қоймайды. Оларға қаржыдай не сауықтыру орындарына мұқтаж адамдарға түрлі жеңілдіктермен шипажайларға жолдама беріліп отырады.
Адам құқығы, оның қорғалуыжөнінде әрбір мекеме басшысы қатаң тәртіп орнатып, қауіпсіздік шараларының бұзылуына жол бермеуі тиіс.
Адамқұндылығын құрметтеу, олардың өркениетті елдер қатарына қосылудың құрамдас бөлігі ретіндееңбек мәртебесін көтерейік!
Қорғалжын кәсіподақ ұйымының төрағасыН.Тәжин