«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымының Қызылорда қалалық комитеті» филиалы ҚБ-нің Жастар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Қалалық кәсіподақ комитетінің жанынан құрылған қалалық Жастар кеңесінің кеңейтілген отырысында білім саласының шығармашылықпен жұмыс жасайтын белсенді жастары бас қосты.
Ашылу сөз Қызылорда облыстық комитеті төрайымының орынбасары Есқалиева Гүлнар Бабабекқызы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы келелі ой-пікірлерін ортаға салды.
Елбасы: «Ел ертеңі – жалындаған жастар. Ал олардың бүгінін жарқын ету- билікке жүктелетін бірегей міндет. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін»,- деген сөзін айта өтті. Сондай–ақ, елімізде іскер жастардың беделін көтеру, оларға мемлекет тарапынан қолдау таныту қажеттігін баса айтты. Бұл тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында елімізде көптеген мемлекеттік бағдарламалар қолдау тауып, лайықты оң нәтижесін беруде.
Білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтарды игеру, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, өмір сүру үшін заман талабына сай саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы әңгімеге арқау болды. Бүгінгі күні жас кәсіподақ көшбасшылары еліміздің болашағы үшін тың серпінмен жұмыстар атқаратындықтарын айтып, ортаға өз идеясын ортаға салды. Қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Алимбетова Орынша Мыржақыпқызы: «Қазіргі жастар өте талантты, жан-жақты және сан қырлы болып келеді. Білім мекемелерінде жастармен танысу кезінде креативті идеялармен қоғамға пайдалы іс-шараларды жастардың бастамасынан көреміз»- деді. Сондықтан да қазіргі потенциалы мықты жастарымыздың ертеңі жарқын болуы үшін еліміздің патриоты болуға, аянбай еңбектенуге шақырды.
Жастар кеңесінің мүшелері Елбасы жолдауын қолдап, алдағы уақытта Елбасының әрбір жолдауынан шабыт алған жас мамандар өз шығармашылықтарынан әсерлі туындыларын оқыды. Жас ұстаздардың шығармаларынан елге деген махаббат, отансүйгіштік қасиет, болашаққа деген сенім аңғарылып тұрды. Пікір алмасу кезінде жас ұстаздар алдағы уақыттарда кәсіподақ ұйымдарының жұмыстарын әрі қарай жандандыруға үлес қосатындарын айтты.
Жастар кеңесінің мүшелері патриоттық тақырыпта ән орындап, флешмобпен жалғастырды.
Кеңес отырысының қатысушылары Тағзым алаңына барып, гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздік рәсімін жасады.
Шара соңы Жастар аллеясында көшет отырғызумен аяқталды.
Қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы О.Алимбетова
-
Фотографии
-