Аудандық «Кәсіподақ көшбасшысы» байқауы
Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподағының құрамдас бөлігі болып келетін Медеу аудандық ұйымында «Кәсіподақ көшбасшысы – 2017» байқауы өзінің қорытындысын шығарды. Атқару комитетінің шешімі бойынша аталмыш байқауға барлық 53 ұйым қатысты. Алдын-ала құрылған төрешілер алқасы 1-кезеңде білім беру мекемелерін аралап алғашқы ұйым төрағаларының құжаттарымен, кәсіподақ мүшелерінің қызметі мен демалысына жасалған жағдайларымен мұқият танысып шықты. 2-кезеңге өткен 12 төрағамен құқықтық білім тексеру бойынша өткізілген тест әртүрлі бағалаумен олардың келесі кезеңге өткенін анықтады. Соңғы кезең өзін таныстыру, хобби және өнер көрсету сатыларынан тұратын. Бұл сынақтан да жақсы нәтиже көрсете алған №141 балабақша кәсіподағының төрайымы Ғалия Көшімбайқызы Бөртібаева 1-орын алса, келесі орындар Жанар Абжанова (№166-балабақша) мен Жұлдыз Татиеваның (№172 мектеп-гимназия) еншісіне бұйырды. Қатысушы кәсіподақ белсенділері байқаудың барысында кәсіподақ мақсаттары мен құжаттарын реттеу жайында көп жаңа мағлұматтар білгенін айтты. Жүлдегерлер тек қана мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар ғана алып қоймай, қалалық байқауда ауданымыздың туын жоғары көтеріп жүру туралы міндеттеме де алып кетті.
Ғ.Қ.Закиров – аудандық «Ұстаз» кәсіподағы филиалының төрағасы
-
Фотографии
-