
Қаратал ауданындағы «Жүректен – жүрекке» акция шаралары
Талдықорған аумақтық ұйымы ҚБ-нің Қаратал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті орта оқу орындарының ұжымдары белсенді қатысуымен«Жүректен жүрекке»атты қайырымдылық акциясын өткізді.Шара Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне арналған әлеуметтік жоба аясында жүргізілді. Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсынудың сауабы мол. Іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды, дей келе Үштөбе қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы сыйлықтар беріліді.
Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Ол адамға көмек көрсетіп, жақсылық жасау пейілді жанға тән сипат.
Жомарт болу — өзі, барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу деп санап, барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын мектеп ұстаздары мен оқушылары жалғастырды. Мейірімді мұғалімдер қарт ұстаздарды қуанышқа бөледі. Өздерінің сый-сыйапаттарын ұсынып, ән мен биден шашу шашты.
«ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» игі шара акциясын бастап қолға алғандарға және алдағы уақытта олардың басы-қасында жүретіндердің бәріне алғыс!
-
Фотографии
-