
«Жүректен жүрекке» акциясы
«Жүректен жүрекке» қайырымдылық айында ФҚЖОББМ үшін айтулы күн болды. 27-сәуір күні мектебіміздің «Кәсіподақ» ұжымының мүшелері оқушылармен бірге қайырымдылық айында үлкен жауапты іс атқарды. Оқушылар және «Кәсіподақ» төрайымы Айтжанова АнаргулЕлеусиновна және ұжым мүшелері Кабиев Замир Гарифуллаұлы, Зұлқарнаева Айгерім Мерекеқызы ауыл тұрғыны көмек көрсететін ешкімі жоқ әжей, жалғызбасты БаштавенкоПрасковья Ивановнаға ұйымшылдықпен барып, өз көмектерін берді. 75 жастағы Прасковья әжей Зрелова 1 көшесінде тұрады. Ер балдар жағы әжейдің ауласын жинап, шөптерді жұлып, сыпырып, тазалап көмектесті. Қыз балалар жағы үйінің ішіне көмектесті. Осындай қиналған уақытта, қол үшін берер адамға зәру болған Прасковья әжей мектеп оқушыларына және мектеп ұжымына ана жүрегінен шыққан ақ батасын көзіне жас алып тұрып жаудырды. Анамыздың берген ақ батасына оқушылар да толқып тұрып көздеріне жас алды. Бұл игі іс арқылы мектеп оқушылары әр уақытта қарттарға қол ұшын беруге біздің мектеп оқушылары тас түйін дайын екендіктерін аңғартты.
«Жүректен жүрекке» қайырымдылық айында ФҚЖОББМ үшін айтулы күн болды. 27-сәуір күні мектебіміздің «Кәсіподақ» ұжымының мүшелері оқушылармен бірге қайырымдылық айында үлкен жауапты іс атқарды. Оқушылар және «Кәсіподақ» төрайымы Айтжанова АнаргулЕлеусиновна және ұжым мүшелері Кабиев Замир Гарифуллаұлы, Зұлқарнаева Айгерім Мерекеқызы ауыл тұрғыны, тыл және еңбек ардагері Карабалина Күнсұлу әжейге ұйымшылдықпен өз көмектерін көрсетті. 85 жастағы Күнсұлу әжей Тәуелсіздік көшесінің 18-і үйінде тұрады. Жалғыз басты әжейдің көмек көрсетер ешкімі жоқ. Оқушылар әжейдің үйінің айналасын жинап, шөптерін жұлып, ауланы тазалап көмектесті. Кәсіподақ ұжымы атынан әжейге тәттілер салынған сыйлық ұсынылды. Осындай қиналған уақытта қол ұшын берер адамға зәру болған Күнсұлу әжей оқушылар мен ұстаздарға ана жүрегінен шыққан алғысын жаудырды.
-
Фотографии
-