
Талдықорған қаласы білім беру мекемелерінде «Жүректен жүрекке» атты акциясы бойынша өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.
Қалалық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 20-25 сәуір аралығында барлық білім беру мекемелерінде Республикалық«Жүректен жүрекке»дүние жүзілік еңбек күніне орай акция жүргізілді.Тұрмысы төмен білім қызметкерлерінің отбасына, қарттарға, жетім балаларға әлеуметтік моральдық көмек көрсетіліп, әр-түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі дегендей кемтар жандардың қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.
«Айналайын» Балалар үйі»КММ -де көпті көрген дана-ғой қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойымызға сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мақсатында «Қарттарым-асыл қазынам» атты кездесу өткіздік. Кездесуді «Қариялар азайып бара жатыр» әнімен бастап, «Әке мен бала» көрінісін, «Қарт ұстаздар өмірінен бір үзік сыр» атты слайд көрсетілді де, әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасты.
Кездесудің соңында «Айналайын» балалар үйінің қарттарына ұжым атынан ақшалай сыйлықпен марапаттады.
Соғыс ардагері Құрмантай атамен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында соғыс ардагері Отан қорғау үшін әскерге шақырылғандығы туралы қысқаша өмірбаянымен фашистермен арпалыстағы қиын Жеңіс күніне дейінгі уақытты айтып беріп, өзі жайлы түсірілген бейне филімдерін көрсетті. Кездесу соңында ардақты ардагеріміз өзін жылы қарсы алып, көрсетілген құрметке марқайып, «Айналайын» балалар үйінің қызыметкерлеріне ақ батасын беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Н.Тілендиев атындағы балалар музыка мектебіосы акция аясында қазіргі күні жұмыс істемейтін зейнеткер ұстаздар В.Н. Михеева, Г.Н. Казтуганова және Т.И. Кушнирге материалдық көмек көрсетті.
№3 «Балбөбек»сәбилер балабақшасының кәсіподақ комитеті және балабақша ұжымы үлесі.Осы жолғы шара барысында балабақша тәрбиеші көмекшісі Мейрханова Раушан Жолдасқызына 5000(бес мың) теңге көлемінде әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасына көмек көрсетілді. Балабақша ұжымына балабақша меңгерушісі С.Т.Сабазова және кәсіподақ комитеті атынан жүрек әмірімен біздің акцияларымызға үн қосқандардың барлығына алғыс айтамыз келеді және біреулер біздің көмегімізге мұқтажекенін ұмытпауға шақырамыз.
Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде«Ата –баба дәстүрі ұрпаққа аманат» тақырыбында оқушылардың бойына халқымыздың асыл қадір – қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, салт - дәстүрлерімізді қадірлей білуге баулып, салт - дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибраталуға тәрбиелеу мақсатында үлкен қариялармен кездесу ұйымдастырылып өткізілді.
№14 «Айбөбек» бөбекжай-бақшасында3 топтағы мүгедек жандар жұмыспен қамтылды. Олар Асанғұлов Мұхтар Қабдиұлы – аула сыпырушы және Қалыбаева Бану Егізбайқызы-еден жуушы.
Сондай-ақ кәсіподақ ұйымының төрайымы Базарбекова Құндыз Тергеуқызының ұйымдастыруымен ұжыммен «Жылы жүрек-жомарт қол», «Қамқорлық» тақырыбында жиналыс.
Сонымен қатар ересек және мектепалды даярлық топтарында балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, балаларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу тәрбиелеу мақсатында «Жүректен жүрекке», «Жүрегім толы мейірім», «Жақсылық жасауға асығайық» атты тақырыптық сабақтар ұйымдастырылды.
Осы акцияның аясында қалалық бір мектеп оқушысын мектепке қажетті оқу құрал жабдықтарымен қамтамасыз еттік.
Балабақша психологы ата-аналармен «Мейірімді ата-ана, бақытты бала», «Мейірімді жүрек - жылы тілек» тақырыптарында тренингтер өткізді.
Балабақшада педагогтар арасында «Қайырымдылық- асыл іс», «Жан жылуы» тақырыптарында баяндамалар оқылды.
№19 М.Жұмабаев атындағы орта мектеп-гимназиясыныңкәсіподақ комитеті 8б сынып оқушысы Дауталинов Сержанға (жетім бала) мектеп формасын және канцелярлық заттар сатып алып берді.
Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназияның кәсіподақ ұйымы «Жүректен жүрекке» атты акциясы барысында бастауыш сынып мұғалімі Лигоминова Наталья Викторовнаға қаржылай көмек (5000 теңге) көрсетті. Наталья Викторовна белсенді, жаңашыл ұстаздардың бірі. Ол-жалғыз басты ана, жалдамалы пәтерде тұрады, әлеуметтік жағдайы төмен.
Өтенай ауылында№21 орта мектебіндеөткізілді. Аталған шараны мектеп директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Ү Маликова сөз сөйлеп, бүгінгі күні сала бойынша денсаулығында ақауы бар 1 қызметкер Имаммагзумова М. (хатшы) 2-ші топтағы мүгедек еңбек етіп отырғандығын және қазіргі таңда мүгедек жандардың жан-жақты қорғалуына үлкен мән беріліп, басқа қызметкерлермен бірдей еңбек етуіне қолдау білдіру қажеттігіне тоқталды. Оған қоса, Мектептің әлеуметтік қолдауды қажет ететін көп балалы, жалғыз басты ана Мукашева А.М (еңбек пәні мұғалімі), Букаев А.Т (информатика пәні мұғалімі) азық –түлік түрінде сыйлықтар тапсырылды. Үйден оқитын 9 А сынып оқушысы Даниярқызы Гюзальға қуаныш сыйлау мақсатындасыйлық тапсырылды.
Соңынан музыкалық сәлемдемелер жолданды.
Ұлтымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан кеңпейіл де жомарт, мейірім мен қайырымдылыққа толы ізгілікті болмысы кәсіподақ белсенділерінің осындай іс - шаралары арқылы акциядан тыс уақытта да жалғасын табады.
-
Фотографии
-