
Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне өткен аудандық кәсіподақ шаралары
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Махамбет, Жылыой, Қурманғазы аудандық комитеті» филиалдарында 28-сәуір Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай бірқатар шаралар өтті.
Атап айтсақ, Махамбет аудандық комитеті филиалы ауданның білім беру мекемелерінде ҚР Еңбек Кодексінің,ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтарын,еңбекті қорғау саласындағы басқа мемлекеттік актілерін негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Педагог қызметкерге психологиялық және педагогикалық ахуалын жақсарту мақсатында психологтар «Қарым- қатынаста қандаймыз?» атты іскерлік ойындар өткізіп, бастауыш кәсіподақ төрағалары «Еңбекті қорғау сағаты», «Қауіпсіздіктің он күндігі» тақырыптарында шаралар ұйымдастырды. Жұмыс орынында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақтайтын қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады.
Жылыой ауданы бастуыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен қарапайым еңбек адамының мәртебесін арттыру, еңбектің мәнін ұғындыру мақсатында «Еңбектің наны тәтті», «Кәсіп, кәсіп түбі-нәсіп», «Ер дәулеті- еңбек» атты ашық шаралар, «Еңбек адамын қадірлеймін», «Еңбек пен табыс» атты дөңгелек үстелдер өткізілді.
Құрманғазы ауданында осы мереке жыл сайын қарапайым адам үшін нағыз мереке ретінде қалыптасуына атсалысып, еңбек әулеттеріне ерекше құрмет көрсетіп, тәлімгерлік дәстүрін жоғары дәрежеде бағалап, өз кәсібінде үздіктерді атап өтуді дәстүрге айналдырып отыр. Осындай негізде өткен «Еңбегіне қарай- Құрмет» атты кездесу шарасына аудан көлеміндегі еңбегі еленіп, қазіргі уақытта зейнеткерлікте отырған ардагер-ұстаздар, техникалық қызметкерлер, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, мұғалімдер шақырылды.Мереке құрметіне бірінші кезекте жаңадан кәсіподақ мүшелігіне өткен бір топ ұстаздар мен жас мамандарға кәсіподақ билетін табыс етті, сондай-ақ еңбектерімен еленіп жүрген, қазіргі кезде зейнеткерлік жасқа шығып отырған бір топ ардагер-ұстаздарды «Алғыс хатпен», заттай сыйлықтармен марапаттады.
Осылайша кәсіподақ Еңбек адамының беделін одан әрі көтеруді мақсат етіп қоюда.