
Қайырымдылық көмек
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті студенттік кәсіподақ ұйымының белсенді мүшелерінің бастамасымен 2017 жылдың 16-шы сәуірінен бастап су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға көмектесу мақсатында Еріктілер штабы жедел түрде құрылған болатын.
Еріктілер штабына енген 500-ге жуық белсенді студенттер тіркелді.
Сонымен қатар, зардап шеккен қала тұрғындарының арасында университеттің 6 қызметкері мен 7 студенті бар. Олар университет жатақханасына тегін орналастырылып, кәсіподақ ұйымының тарапынан 300000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ