Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық кәсіподақ ұйымының қолдауымен аудандық білім беру қызметкерлерінің арасында дәстүрлі «Жас маман – 2017» сайысы өтті
21 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық кәсіподақ ұйымының қолдауымен аудандық білім беру қызметкерлерінің арасында дәстүрлі «Жас маман – 2017» сайысы өтті.
Еңбек өтілі бес жылға дейінгі жас мұғалімдер өздерінің кәсіби деңгейін сайыстың әр түрлі байқауларында жан-жақты көрсете білді.
«Жас маман- 2017» сайысының бас жүлде иегері - Сарыөлең орта мектебінің физика пәні мұғалімі Есенгелді Дастан Есенгелдіұлы, ІІ орын иегерлері - Қойтас орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Булатқанұлы Елдар, №1 Күршім орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бағадиева Әсем, ІІІ орын иегерлері- Жолнұсқау негізгі орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі А. Сағатбаева, №5 Күршім орта мектебінің физика пәні мұғалімі Ж. Сагитжумартова және Қ. Нұрғалиев гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі А. Жакуперова өзара бөлісті.
Қалған 12 сайысқа қатысушыларға алғыс хаттар мен көтермелеу сыйлықтары табыс етілді.
-
Фотографии
-