
Бақтыбай ауылындағы кәсіподақтың кеңесі
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық ұйымының ұйымдастыруымен а. ж. 18 сәуірінде Ескелді ауданының Б.Жолбарыс атындағы орта мектебінің мәжіліс залында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, кадрлық жұмысқа жауапты мамандар мен техникалық инспекторлар арасында «Ұжымдық шарт. Жұмыс берушінің актілері. Кәсіподақ органының дәлелді пікірлерін есепке алу. Өндірістік кеңес және техникалық инспекторлардың қызметі мен міндеттері. Еңбек заңнамасын орындамағаны үшін жұмыс берушінің кейбір жауапкершілік мәселелері» тақырыбында құқықтық семинар өткізілді. Семинарда төрағалық еткен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық ұйымы» ҚБ-нің Ескелді аудандық комитетінің төрайымы Байзақова Айтолқын Нұрмұханқызы өзінің кіріспе сөзімен семинардың маңыздылығын айтып, тыңдаушыларға белсендірек болуға шақырды. Одан кейін, тыңдаушылар «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық ұйымы» ҚБ-нің құқықтық жұмысы жөніндегі бас маманы Асылханов Қайратбек Мұхаметкәрімұлының «Ұжымдық шарт. Жұмыс берушінің актілері. Кәсіподақ органының дәлелді пікірлерін есепке алу» және «Өндірістік кеңес және техникалық инспектор, оның қызметі мен міндеттері» туралы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бас маманы Джампеисов Ғизат Омарбекұлының дәрістерін тыңдады. Әрі қарай, семинарды қайталап жалғастырған Қ.М.Асылханов «Еңбек заңнамасын орындамағаны үшін жұмыс берушінің кейбір жауапкершілік мәселелері» туралы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің талаптарын жеткізді. Қызу пікір – таласпен өткізілген семинарда білім саласының қызметкерлері ойларында жүрген кейбір еңбек заңнамасы мен өзге де тақырыптарды қамтитын сұрақтарына жауаптарын алды. Семинарға қатысушылар болашақта өздерінің әлеуметтік – экономикалық құқықтарының қорғалуы мен жағдайларының жақсаруы үшін кәсіподақ ұйымдарының құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын түсінді. Семинар соңында, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына, ұжымдық шарттың талаптарын орындалуына тұрақты түрде қоғамдық бақылау жүргізіп, кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын іс жүзінде қорғау тапсырылды.
Өткізілген бас қосуда 97 тыңдаушылар қатысып, естелікке суретке де түсті.
Талдықорған аумақтық ұйымының бас маманы Қ. Асылханов
-
Фотографии
-