
ҰЙЫМДАСҚАН ЖҰМЫС ҰЖЫМДЫҚ ШАРТҚА НЕГІЗДЕЛЕДІ
Жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы қарым-қатынасты реттейтін басты құжат – ұжымдық шарт екені белгілі. Бұл негізгі құжат екі тараптың келісімімен және екі тарапқа да қолайлы құрылуы қажет. Сонда жұмыс жүйелі жүргізіліп, тындырымды тірлік болмақ.
Әрине, келісіммен құрылатын ұжымдық шарт еңбек заңдылығына орайластырылуы тиіс.
Осыған орай, Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 12 сәуірінде Сырдария ауданы №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің базасында білім беру мекемелерінің басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған«Ұжымдық шарттың қолданылуы және жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек шартының мазмұны»тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарды Сырдария аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Есназар Алмас Зейноллаұлы ашып, құқықтық шараның негізгі мақсатына тоқталды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстан келген Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының бөлім басшысы Хасанов Өтеп Исмайлұлы «ҚР Еңбек кодексінің қолданылу тәртібі және еңбек шартын жасасу» тақырыбында баяндама жасап, құзырлы органдардың тексеру барысында көп кездесетін еңбек шартындағыкемшілік тұстарға нақтырақ тоқталып өтті.
Облыстық кәсіподақ комитетінің құқықтық қызмет жөніндегі бас маманы Утегенова Нұргүл Сабырқызыұжымдық шарт-әлеуметтік-еңбек қатынастарының маңызды құралы екенін атап өтіп, біріңғай үлгіде жасалған ұжымдық шарттың ерекше тұстарына баса назар аударды. Сонымен қатар ұжымдық шарттыңорындалуын тараптар үнемі қадағалап, жылда ұжым алдында есеп беру керектігін және шарт міндеттемелерін орындамау ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертуді де ұмытпады.
Кәсіподақ белсенділер мектебінің жетекшісі Жаныбеков Назир Мадемханұлы «Ұжымдық шартты орындау көрсеткіштері және оларды бағалау» критериілерімен таныстырды. Осы бекітілген ұжымдық шарттың қаншалықты жұмыс жасап жатқандығын анықтау мақсатындаалдын ала дайындалған кестені баллдық жүйемен бағалау тәртібін түсіндірді.
Семинар барысында кәсіподақтың қаржылық тәртібі жөнінде облыстық кәсіподақ комитетінің бас есепшісі Төребаева Марал Дүйсенбайқызы кәсіподақ жарналарының уақытылы түсуі, ретімен жұмсалуы және практикада кездесетін мәселелерді ашып көрсетті.Семинар соңында қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы №35 мектеп-лицейініңбастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымыСәркеева Жанна Есентұрқызы