М.Әуезов атындағы мектепте Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім беру қызмекерлерінің қыздар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды
Білім қызмектерлері қауымының алаңсыз еңбек етіп, еңбегінің нәтижесін қызықтай алуына кәсіподақ ұйымының қосатын рөлі орасан зор.
Ұстаздық қызметтегі әр күн іздену, еңбектену, білімін толықтыру, уақытпен есептесу, бейнетқор жандардың тіршілігін көрсетеді. Сондай-ақ қызығы мен қиындығы мол ұстаздық қызметті өзіне серік ете отырып, салауатты өмір салтын насихаттауды, қолдары қалт еткенде спортпен шұғылданып, өздерін екінші қырларынан танытып, әуе допты алақандарында ойнатуға білім беру кәсіподақ саласындағы қыздар командалары сапқа түзелді. Бәсекелі жарыс додасын қыздыруға 20 команданың ойыншылары ниет білдірді.
Спорттық шараның ашылу салтанатында аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Е.Сайранов өз сөзінде облыстық V- спартакиаданың 1 кезеңінде аудандық команда 28 ұпай жинап қайтқандығын, ендігі кезекте міне волейбол және стол теннисінен іріктеу жарыстары тұрғанын айтты. Егер облыста бірінші үштіктен көрінетін болсақ "Алакөл" демалыс орнынының жолдамасына қол жеткізуге боларын атап айтып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Ардагер спортшы С.Мамырбеков өз құттықтауында өздеріңізге үнемі тірек болатын кәсіподақ ұйымының өткізіп отырған жарысына сәттілік, еңбектеріне толайым табыс, дендеріне саулық тілеп, спорттың биік белестерінен көрініп, облыс жеңімпаздарының қатарынан көрінуге тілек білдірді.
Командалар қала мектептерінің спорт залдарына бөлініп, ақтық ойында дос-жолдастық, қайтпас қайсарлық танытқан Шілікті, Шекара, Амангелді, Абай мектептері осы ретпен жүлдегерлер сапында көрінді.
Қуанарлық жайт Жаңатұрмыс, Жамбыл, М.Маметова орталау мектептеріде жақсы дайындықтарын көрсетіп, ақтық ойынға деген құлшыныстарын байқалтты. Өз топтарын 2:1 ұпаймен ойындарын шиеленістіре білген барлық ойыншыларға дастархан жайылып, жүлдегерлер аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының мадақтау қағазы мен сыйақылармен марапатталды.
Жарыстың әділ өтуіне төрелік жасаған "Сайхан" спорт клубының, спорт мектебінің волейбол жаттықтырушыларына алғысымыз зор.
-
Фотографии
-