
Облыстық Кеңестің бастаған игі істерінің шарапаты
Целиноград ауданы Қараөткел ауылында сәуірдің үшінші жұлдызында аудандық мұғалімдер кәсіподақ ұйымының төрағасы – Сатбалдин Қайыр Сағындықұлының бастамасымен биыл дәстүр бойынша үшінші рет өтіп жатқан «Екі жұлдыз» ән байқауының, аймақтық кезеңінің шымылдығы ашылды. Байқауға аудандық мектептерден үкілі үмітін арқалаған, өнерпаз дүлдүлдер арасынан 18 жұп бақ сынасты. Қазақстан Республикасының Рәміздерінің 25 жылдығымен әлемдік деңгейде өтетін ЕХРО -2017 көрмесі аясында патриоттық әндер, туған елмізге, жерімізге деген, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында кең ауқымда іс-шара өткізілді. Ата-аналардың, жанкүйерлердің қолдауымен өткен сайыс өте тартысты, қызықты өтті.
Сайысқа қара қылды қақ жаратын әділқазыларымыз дәстүрлі әндер байқауының жүлдегері Балгин Кунтар Есімханұлы , «Жас шабыт» балалар шығармашылық орталығының басшысы Абилжанова Эльмира Кабдуллаевна, ҚР еңбегін сіңірген мәдениет қайраткері Ашербеков Болат Жақыпбекұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Кабыкенова Айткул Аманжоловна әділ бағаларын беріп, төрелік ете білді. Әділқазыларға төрелік ету оңайға соқпады. Алайда сайыс болған соң жеңіс те, жеңіліс те болады.
Байқау нәтижесінде «Туған ел» әнімен Тайтөбе аулы №19 ОМ мұғалімі бірінші орынға Ахметова Ғ.Б. мен шәкірті Қайрат А.А. ие болды. Екінші орынды қанжығасына байлаған «Чемпионы» әнімен Родина ауылының өнерпаздары Алибаев Руслан Оразхалиевич пен Ваганова Даурия Юрьевна және «Родина моя- Казахстан» әнімен Шалқар ауылының мұғалімі Жаналық Ардагул мен шәкірті Баделгожина А.Б. болды. Ал жүлделі үшінші орынмен «Өз елім» әнімен көрермендердің көңіліне жол тапқан Ақмол аулы №5 ом мұғалімі Жумабаева А.А мен 3-сынып оқушысы Өмірхан Дина және «Қазақ елі осындай» деп шырқаған Қабанбай ауылының №41 ОМ мұғалімі Ертасова К.Н. мен шәкірті Шонжарбай Д.М. марапатталды.
Сайыстың келесі кезеңіне облыстық байқауға жолдама алған жеңімпаздарымызға сәттілік тілеп, жүлделі орынмен оралуын асыға күтетін боламыз.
Целиноград ауданының кәсіподақ Кеңесінің төрағасы: Сатбалдин.Қ.С.