
Көктемде өткен көңілді жарыс
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт – досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың,демекші,
саламатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!
Ақмола облысы Целиноград ауданының білім беру бөлімінің кәсіподақ ұйымы наурыздың 29 жұлдызында Ақмол ауылында №5 мектепте аудан мектептері арасында волейболдан жарыс ұйымдастырды. «Бір жас бар қырық деген – қылыш екен, әр іске мойын бұру - дұрыс екен», - деп Кенен атамыз айтқандай, бұл жарыстың ерекшелігі де 40-жастан асқандар арасында өткізілді. Жарысқа аудан мектептерінен 10 мектеп қатысты. Бәріміз білетіндей, «спорт – денсаулық кепілі». Бастысы, талғампаз тәкаппар өнерге шексіз беріліп, адалдық танытсаң берері мол - сиқырлы әлем екенін естен шығармау керек сияқты.
Сонымен қатар, спорт – адамның рухани әлемі үшін де маңызды.Өйткені, әлсіз әрі қиындыққа көп ретте қарсы тұруға қауқары жетісе бермейтін жандарға мамандар бір ауық спортпен шұғылдануға кеңес береді екен. Күйзеліске ұшыраған сәттерде дене жаттығуларына ден қойсаңыз, жаңа құлшыныс пен тың серпін арқасында ерекше өмір сүруге ұмтыла түсесіз. Бұл да спорттың, дене жаттығуларының бір құдіреті.
Барлық мектеп қатысушылары ерекше дайындықпен, ерекше көңіл-күймен келгені жүздерінен көктемнің шуағындай шарпып тұрды. Дегенмен, жарыстың аты жарыс, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығатын мәреге жеткен кезде І орынды – №3 Талапкер орта мектебінің ұжымы ұтты, ІІ орын – Қабанбай батыр мектебі, ІІІ орынды – Нұресіл орта мектебі жеңіп алды.
Жеңіске жеткен мектептерді аудандық кәсіподақ Кенесінің төрағасы Сатбалдин Қайыр Сағындықұлы мақтау қағаздарымен, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
№3 Талапкер орта мектебініңкәсіподақ төрайымыҚұлмағамбетова С.Т.