Білім қызметкерлерінің ХІ «Наурыз шапағаты» дәстүрлі өнер фестивалі өз мәресіне жетті
Қызылорда облыстық білім қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 31 наурыз күні ұстаздардың дәстүрлі«Наурыз шапағаты»өнер фестивалі аясында фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің облыстық байқауы өтті.
Араға жыл салып өткізілетін бұл фестивальді өткізудегі негізгі мақсат, білім қызметкерлері арасында көркемөнерпаздар ұжымдарымен жеке өнерпаздардың өнерін әріптестер арасында кеңінен насихаттау, олардың орындаушылық шеберлік деңгейінің артуына ықпал жасау, музыкалық шығармалардағы түрлі жанрлардың дамытылуын мақсат етіп, ұстаздар арасындағы танылмай келген тың есімдерді анықтау болатын.
Өнер додасы аймақтық, аудандық, қалалық кезеңдерде іріктеліп, мақсатын айқындады. Облыстық байқауда 9 фольклорлық-этнографиялық ансамбль өз өнерлерін ортаға салды.
Қазылар алқасының төрағасы Қазанғап атындағы музыкалық колледж директоры Ботабаев Кеулімжай Шалтақбайұлы байқауға қатысушы ансамбільдердің өнерін бағалай келе, өнерпаздардың кәсіби деңгейінің өсуімен қатар, ансамбль репертуарларының байқау шарттарына сай таңдау жасалғандығына тоқталып кетті.
Байқау барысында Жаңақорған ауданының «Қаратау» фольклорлық ансамблі, Шиелі ауданының «Сырлы саз» фольклорлық ансамблі, Жалағаш ауданының ұлт аспаптар ансамблі, Арал ауданының фольклорлық ансамбльдері көрермен көпшіліктің зор ықыласына ие болды.
Байқау қортындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен Қазалы ауданының «Қорқыт сазы» фольклорлық ансамблі жүлделі І-орын, Жаңақорған ауданының «Қаратау» фольклорлық ансаблі ІІ- орын, Арал ауданының фольклорлық ансамблі, Шиелі ауданының «Сырлы саз» фольклорлық ансамбльдері жүлделі ІІІ- орындарға ие болды.
Ұйымдастыру комитетінің төрайымы Байназарова Райкүл Мансұрқызы өнер ұжымдарына шығармашылық табыс тілеп, көрермен көзайымына айналған жеке орындаушыларға, жүлделі орындарға ие болған ансамбльдер мен жетекшілеріне диплом және естелікке сыйлықтар берілді.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайым орынбасарыГүлнар Ескалиева
-
Фотографии
-