
«Кәсіподақ мүшелерінің құқықтық мәртебесі»
Наурыздың 28-інде Ақтау қаласының мектепке дейінгі мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы басшылары арасында «Рассмотрение индивидуальных трудовых споров в организациях образования» тақырыбында семинар өтті. Семинарда дәріс оқыған облыстық кәсіподақтың заңгер-маманы Храмова Наталья Станиславовна болды.
Семинардың мақсаты: Ұжымдық шартқа енгізілген №2 қосымшаның маңызы және орындалысына мән беру, жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясын құру.
Семинарға 36 мектепке дейінгі бастауыш кәсіподақ ұйымы басшылары қатысты.Әр бастауыш кәсіподақ ұйымы басшыларына семинарға байланысты қосымша көмекші құралдар берілді және слайд арқылы тақырыпқа орай жұмыстар жүргізіліп отырды.
Семинар барысында тақырыпқа сай ҚР-ның ЕК-інде берілген159-161бапты негізге алу, ұжымдық шарттың №2 қосымшада нақты көрсете отырып кең көлемде түсініктер берілді және семинардың 2-бөлімінде осы алған түсініктерін шыңдау мақсатында қатысушыларды 4-топқа бөліп еңбек дауларына байланысты тапсырмалар берілді. Әр топ өз тапсырмаларын топ алдында қорғап көрсетті.
Практикалық бөлімде жеке еңбек дауларын шешуде келісу комиссиясының ролі және сол ұжымдағы жұмыс беруші мен қызметкердің арасында туындайтын дауды шешу жөнінде сотқа дейінгі міндетті бастауыш орган болып табылатындығына көз жеткізді.
Семинар соңында №37 балабақшаның кәсіподақ төрайымы Тулегенова Райхан қатысушылардың атынан қалалық білім қызметкерлері кәсіптік одағы атына алғысын білдіре отырып, осындай семинарларды жиірек ұйымдастыруға ұсыныстарын айтып өтті.
«Қазақстандық салалық білім және ғылымқызметкерлерінің кәсіптік одағыныңМаңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-ніңАқтау қалалық филиалыныңкәсіподақ төрайымы, К.Енсегенова
-
Фотографии
-