
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жақында «Өрлеу» БАҰО» ПҚ БАИ –ның ұйымдастыруымен «Амал келді-жыл келді» тақырыбындағы наурыз тойға арналған шара өткізілдіАтаулы шараға ұжымның мүшелері және облыс көлеміндегі ардагер ұстаздар қатысты. Наурыз тойды ұйымдастырудағы мақсат –ұжымды ауызбіршілікке,татулыққа шақыру.
Институт директоры Индира Таумышқызы Джумагалиева және облыстық кәсіптік білім беру орталығынан Т.Нұрманов, Т.Қайпиев Ұлыстың ұлы күні –Наурыз мерекесімен құттықтады.Барша ұстаздардың отбасына молшылық, бақ-береке,ырыс-несібе тілектерін білдірді.
Шараның барысында, қызметкерлер арасында «Келіндер сайысы» өткізілді.Әрбір бөлімнен барлығы 6 үміткер А.Утеуова, Б.Қараева, Г.Қамысбаева, А.Ибраева, А.Утеуова,А.Аманқосқызы қатысты. Қатысушы үміткеркерлерөзін - өзі таныстырып, өз өнерлерін ортаға салып,тақырып бойынша тапсырмаларға жауап берді.
Сайыстың бағасын беретін, қатысушыларды саралап, нәтижесінде үміткерлерді қазылар алқасының төрайымы А.Қабылова Бас жүлде және «Инабатты келін», «Парасатты келін»,«Өнерпаз келін», «Шебер келін»,«Көрікті келін»,«Жаңа заман келіні» номинациясы бойынша марапаттады.
Шараның соңы әрбір бөлім ән - шашуларын ұсынды.Наурыз мерекесі дастарханына қазақтың ұлттық тағамдары қойылды.Мерекеге сай ұлттық нақышты бейнелейтін безендірулер жүргізілді.
Мереке соңында ардагер ұстаздар көпшілікке ұлттық салт –дәстүрді насихаттайтын салиқалы шара өткізген ұжымға ризашылығын білдіре отырып, бата- тілектерін берді.
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалыМаңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИкәсіподақ төрайымы Қ.Бақтиярова
-
Фотографии
-