
«Әжелер ансамблдерінің сайысы»
Наурыз мейрамын меркелеу мақсатында қалалық «Наурыз –Көктем» атты әжелер ансамбльдері қалалық білім қызметкерлеріарасында 11 наурыз күні №5 орта мектепте ұйымдастырылды. Сайысқа сұраныс бойынша 11 мектепке дейінгі және 11 білім беру ұйымдарынан,барлығы 22 білім беру ұйымдарынан қатысты.
Сайыстың мақсаты:ұстаздардың шығармашылық жетістіктерін көрсету,халық әндерінің маңызы, салт-дәстүрлерді жас ұрпаққа үлгі тұта насихаттау, жандандыру, дамыту. Байқау ережелері,сұраныс алдын ала кәсіподақ ұйымдарына таныстырылып жіберілді.
Сайыстың ашылу салтанатынқалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы К.К.Енсегенова сөз алып, сайысқа қатысушыларды және көрермендерді Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, сәттілік тіледі. Сонымен қатар қазылыар алқасы мүшесінен жазушылар одағының мүшесі, жергілікті балалар ақыны, сазгер, ұлағатты ұстаз Көмек Ыбыраев бүгінгі сайысқа қатысушы әйел-қыздарды 8 Наурыз халықаралық әйелдер күні мерексімен құттықтай келе, қазақтың ұлттық киім үлгісінің ерекшелігі, маңызы, залдың іші осындай «аппақ аққудай» көзге түсіп отырғандығын үлкен мақтанышпен айтып өтті. Осы бір асыл сөздің өзі сайысқа қатысушыларымызға ерік, күш, батылдық сыйлағандай болды.
Байқау ережеге сай жүргізіліп отырды. Әр қатысушы өз өнерлерін, бойындағы шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсете білді.
Байқау өте тартымды әрі үлкен әсер қалдырды. Қазақ халқының салт-дәстүрінің маңызы, ерекшелігі ұмытылмай ұрпақтан ұрпаққа жалғасын таба берсін. Әрине, бұл байқау балабақша қызметкерлері мен мектеп қызметкерлері арасында ең алғашқы ұйымдастырылуы, қатысушыларда, көрермендерде қалалық кәсіподақ қызметкерлеріне өз алғысын білдіре отырып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Сайыстың нәтижесі қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды:
Байқауға қатысушы ансамбль сахнада қазақтың ұлттық киімі, әжелеріміздің кимешегі, қолында иірілген ұршығы, оюланған текеметі, тербелген бесігі шарықтап шырқалған әнін тамашалап отырғанда 22 қатысушы әжелер ансамблінің аяқталғанын да байқамаппыз.
«Наурыз –Көктем» атты әжелер ансамбльдері байқауының қазылар алқасының мүшесі Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының директоры Умбетова Жанагуль Жумахметовна жақсы дайындықпен келген әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымдарына және ұйымдастырушы қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы К.К.Енсегеноваға ризашылық алғысын білдірді.
Бас жүлде №3 орта мектеп қызметкерлері өнер көрсетуде, 1-орын жеңімпаздары №8 орта мектеп халық әні «Әгу-гай»әнін орындауда
Сайыстың Бас жүлде жеңімпазы №3 орта мектептің әжелер ансамблі облыстық сайысқа жіберіледі.
Ақтау қалалық филиалыныңі төрайымы, К. Еңсегенова
-
Фотографии
-