
Шаршы тақта тартысы
Қызылорда облысы Қармақшы аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен шахмат жарысы өтті.
Жарыс екі кезеңнен тұрды: аймақтық және ақтық. І аймақта өнер көрсеткен мектеп командалары арасынан ой жүйрігі мен кәсіби шеберліктері арқасында І орын - №107, ІІ орын- №111, ІІІ орын- №29 мектеп командалары жеңіп алса, ІІ аймақ бойынша өз шеберліктерін байқатқан мектеп командалары арасынан І орын - №279, ІІ орын - №85, ІІІ орын - 274 командалары үздік деп танылса, ІІІ аймақта мектеп командалары өзара бақ сынасып, І орынды №250, ІІ орынды №26, ІІІ орынды №105 мектептің командалары иеленді.
Ақтық кезеңге жолдама алған 9 команда І ІІ тақта бойынша өзара сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша І орын Жосалы кентіндегі №250 мектеп-лицей командасына бұйырды. Ал ІІ орын Төретам кентіндегі №279 орта мектептің еншісіне тисе, ІІІ орынды Дүр Оңғар ауылындағы №107 орта мектеп иеленді. Шахмат жарысы тартысты әрі қызықты өтті.
Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Ж.Молдабаева, аудандық шахмат федерациясы директорының орынбасары О.Бодыбаев жарыс жеңімпаздарын марапаттады.
Қармақшы аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Ж.Молдабаева