
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНДА «ӘЙЕЛДЕРДІҢ САЯСИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ӨМІРГЕ ҚАТЫСУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ
Ағымдағы жылдың 10 наурыз күні Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы Халықаралық Кәсіподақтар Конфедерациясының «Нет сокращению прав женщин!» тақырыбында кәсіподақ белсенділері мен жетекшілерінің қатысуымен күн тәртібіне қойылған «Участие женщин в политической и культурной жизни» мәселесі бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге қатысушыларды құттықтап алғы сөз бастаған Марина Темиргалиева қазіргі таңдағы әйелдердің саяси және мәдени өмірге араласуы мен қоғамдағы орны туралы қысқаша баяндады. Модератор – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті тарих кафедрасының магистрі, Кәсіподақтар орталығының БҚО бойынша Еңбек ететін әйелдер мәселелері бойынша комиссия мүшесі, аға оқытушы Гүлбарам Жалекенова дөңгелек үстелді жүргізді. Дөңгелек үстелге қонақ ретінде арнайы шақырылған «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлназ Кульжанова «Роль женщин в политической жизни ЗКО» тақырыбында баяндама жасап өз ойымен бөлісті. Сонымен қатар, «Традиционные ценности в казахском обществе» тақырыбында т.ғ.к., доцент Алия Бижанова, «Гендерлік саясат және гендерлік тәрбиенің мазмұны мен мәні» тақырыбында Назгүл Бақтығалиева және «Өрлеу» БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілік арттыру институты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Индира Бадакова «Заманауи қазақ әйелінің қазіргі қоғамдағы рөлі» тақырыбында бейне көрсетілім арқылы баяндама жасады.
Пікірлесу айдарында әйелдердің отбасымен бірге саяси және мәдени өмірді белсенді алып жүруі үшін мемлекет тарапынан әлеуметтік – экономикалық қолдаудың маңыздылығы туралы ой талқыға салынды.
Ұйымдастырылған шараға жоғары оқу орны мен колледждер, облыстық білім беру мекемелері және қалалық жалпы білім беретін мектептердің белсенділері қатысты (барлығы 45 кәсіподақ мүшесі). Дөңгелек үстел қорытындыланып, қонақтар мен баяндамашыларға гүл шоқтары табыс етілді.
Бас маман Марина Темиргалиева
-
Фотографии
-