
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы Қызылорда облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен
Облыстық білім басқармасы мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің ұйымдастыруымен«Халықаралық 8 наурыз - әйелдер күні»мерекесіне орай шара өткізілді. Шараға облыс бойынша 130 білім саласының қызметкерлері қатысты.
Білім саласының дамуына үлес қосқан бірқатар 70, 75, 80 жас мерейтой иелеріне облыс әкімі Қ.Көшербаев құттықтауын жеткізді. Өз ретінде облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов биылғы жылы зейнеткерлікке шыққан басшыларды құрмет төріне шақырып, ізгі лебізін білдірді. Ардагерлер, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жетістікке жеткен ұстаздар және бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағалары облыстық білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаевтың және облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.Байназарованың мерекелік марапатына ие болып, арнайы құттықтаулармен сыйлықтар тапсырылды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, көпшілік көңілінен шықты.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайым орынбасары Г.Ескалиева
-
Фотографии
-