«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қыздар арасында волейболдан облыстық турнир өтті
Қызылорда облыстық білім басқармасының және білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің бірлескен шешіміне сәйкесүстіміздегі жылдың 03-04 наурыз аралығында техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары оқытушы қыздар арасында білім беру саласының үздігі, қоғам қайраткері Мәді Жұмаділұлы Махановты еске алуға арналған волейболдан облыстық турнир өткізілді.
Жарысқа техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарынан 16 командадан 200 ге жуық оқытушы қыздар қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.Байназарова және ардагер-ұстаз ҚР кәсіптік білім беру саласының үздігі С.Раханов қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарды жеңіп алған командаларға облыстық білім басқармасының және облыстық кәсіподақ комитетінің I, II, III дәрежелі дипломдары, үздік ойын көрсеткен ойыншыларға естелік кубоктар, сыйлықтар тапсырылды. Жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына үлес қосқаны үшін төрешілер Н.Шәменов пен Б.Кеңесовке облыстық кәсіподақ комитетінен Астана қаласына туристік саяхатқа жолдама тапсырылды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайым орынбасары Г.Ескалиева
-
Фотографии
-