
Батыс Қазақстан облысында қалалық білім беру қызметкерлерімен семинар өткізілді
2017 жылдың 1 наурыз айында Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасының орынбасары, ҚР білім және ғылым министрлігінің қоғамдық Кеңесінің мүшесі В.Ф.Беженаровтың қатысуымен қалалық білім беру қызметкерлерімен семинар өткізді.
Семинарға қалалық білім беру мекемелерінің басшылары мен кәсіподақ белсенділері қатысты. Жұмыс барысында белгіленген күн тәртібі бойынша Батыс қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы Марат Даупаев семинар жұмысының мақсатымен таныстыра отырып, «Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қазіргі таңдағы жағдайы және жұмыс барысы туралы» баяндама жасады.
Сөз кезегін алған Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасының орынбасары, ҚР білім және ғылым министрлігінің қоғамдық Кеңесінің мүшесі В.Ф.Беженаров «О приоритетах развития образования вытекающих из Послания Президента Республики Казахстан и роли профсоюзных организаций в достижении постанленных задач» тақырыбында баяндама жасап, пікірлесу кезінде семинарға қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берді.
Семинарға қатысушы қалалық А.Байтұрсынов атындағы № 10 жалпы орта білім беретін мектебінің басшысы Сансызбай Кенжеков өздерінің 2016 жылдың қараша айынан бастап облыстық кәсіподақ ұйымының құрамына кіргендерін және қалалық кәсіподақ ұйымында болған кезде ешқандай кәсіподақ тарапынан қолдау көрмегендерін айта отырып, қазіргі таңда облыстық кәсіподақ ұйымымен тығыз байланыс орнағанын, сонымен қатар қала мектептерінің арасында аймақтық спартакиада өткізіліп, жыл сайын оздырылатын облыстық «Денсаулық» спартакиадасына қатысуға мүмкіндік болып отырғаны жөнінде өз ойымен бөлісті.
Семинар барысында Орал қаласының білім беру мекемелерінің басшылары мен кәсіподақ жетекшілері өз еріктерімен барлығы 48 мектептің 35 мектебінің облыстық кәсіподақ құрамына енгені, ал қалалық бала – бақшаларының облыстық кәсіподақ құрамына кіру фактілері орыналғаны айтылды. Қалалық білім беру мекемелері құқықтық жағынан орталық комитеттің көмегіне зәру екендіктерін жеткізе отырып, салалық кәсіподақ құрамына кірудің өздеріне тиімділігін жеткізді.
Кездесудің екінші жартысы облыстық және аудандық кәсіподақ белсенділерінің қатысуымен «Нұр Отан» партиясының кіші залында жалғасты. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасының орынбасары, ҚР білім және ғылым министрлігінің қоғамдық Кеңесінің мүшесі В.Ф.Беженаров білім саласындағы өзгерістер мен жаңалықтарға тоқтала отырып, Кәсіби стандарттың білім бағдарламаларын қалыптастыру үшін, оның ішінде білім ұйымдары персоналын оқыту үшін, білім беру ұйымдары қызметкерлері мен түлектерін сертификаттау үшін арналғанын түсіндіріп, «Педагог» кәсіби стандарт жобасының жалпы ережелері туралы мәлімет берді.
Жиынға қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауаптарын алып, бұл кездесудің орнағанына ризашылықтарын білдірді.
-
Фотографии
-