Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының ұйымдастыруымен аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының есепшілеріне арналған семинар өтті
Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының ұйымдастыруымен аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының есепшілеріне арналған семинар өтті. Семинар барысында бухгалтерлік (қаржылық) есеп беру және тіркеу,кәсіподақтағы қаржылық жұмыстардың заңдылық базасы,кәсіподақ ұйымдарында жарғылық қаржы міндеттемелері мен мүшелік жарналардың төленуі, бөлінуі және жұмсалуы туралы Ереже,кәсіподақ ұйымдарына салынатын салық ерекшеліктері туралы, салықтар мен міндетті төлемдердің төлену мерзімдері туралы көптеген сұрақтар талқыланды. Семинарды облыстық кәсіподақ ұйымының бас есепшісі Ниязова Райса жүргізді. Семинарға аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының есепшілеріқатысты.
Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар алынды.