Шахмат, тоғызқұмалақ ойындарынан кәсіподақ біріншілігі
Сенбі күні Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы М.Дәуленов атындағы мектеп-интернатта аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелерінің арасында шахмат, тоғызқұмалақ ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. Шараның салтанатты ашылуында еліміздің әнұраны шырқалып, мектеп директоры А.Е.Жиенгельдинов, аудадық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Е.Сайранов жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп лебіздерін білдірді.
Жарыстың мақсаты білім беру қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жұмыс өнімділігін арттырып, кәсіби мамандықты дамыту мақсатында жәнеде облыс спартакиадасына іріктеу болып табылады. Аталмыш жарыстарға 20-дан артық команда қатысты. Жарыс швейцар жүйесімен бес кезеңнен жеңіпаздар анықталды.
Өз бойында сабырлық пен төзімділік, ойшылдық пен есептегіштік, ойлау қабілеті мен ой ұшықырлығының тереңдігін жоғарғы дәрежеде көрсете білген ойыншылар шахмат ойындары бойынша қыздар арасында Қанапина Қарлығаш /М.Ломоносов мектебі/, Сарышева Аяужан /Тасбастау орталау мектебі/ Шаймарданова Назгуль /Мукарама мектебі/ ерлер арасында Қатарбаев Ерлан /Сарытерек орта мектебі/, Ахметжанов Алмас /Айнабұлақ мектебі/, Ахмадиев Қадылбек /М.Ломоносов мектебі/- ал тоғызқұмалақ ойыны бойынша Бейбітова Маржан /Жамбыл орталау мектебі/, Изетова Арай /М.Әуезов мектебі/, Серикбаева Сауле /М.Дәуленов атындағы мектеп-интернаты/ ерлер арасында Мінкенов Дәурен /Жамбыл орталау мектебі/, Қабықаев Ерасыл /Саржыра орталау мектебі/ Бакиев Рахат /Көгедай орта мектебі/ жеңіс тұғырынан көрінді. Ойыншылар тегін түскі аспен қамтамасыз етіліп, жүлдегерлер аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының грамотасы мен арнайы сыйлықтарымен марапатталды.
-
Фотографии
-