
Тәлімі мол кездесу
23 ақпан күні Жаңақала ауданы білім беру бөлімінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелеріне, тексеру комиссиясының төрағалары және кәсіподақтың «Жастар қанаты» жетекшілерінің қатысуымен жиын болып өтті. Жиынға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Батыс Қазақстан облысының кәсіподақ ұйымының ұйымдастырушы бас маманы Марина Хамитовна, бас маман, заңгер Гүлжанат Есетовна, бас есепші Гүлнұр Сүндеткалиевна қатынасты.
Жиналыс барысында алдымен, Елбасының 2017 жылғы 31 қаңтарда шыққан «Қазақсанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауы туралы заңгер Гүлжанат Есетовна баяндама жасады. Онда Елбасының жолдауда көрсеткен нақты тапсырмалары мен міндеттерін нақты айқындап, талқылады және құқықтық мәселелер туралы біраз нәрселер айтып , тыңдаушылар тарапынан көкейде жүрген мәселелер төңірегінде өзекті сұрақтарға жауап берді. Баяндама бойынша М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі кәсіподақ ұйымының төрайымы Жемис Бакытовна сөз алып, Елбасының Жолдауға нақты көрсеткен ауыл мектебі мен қала мектебінің арасындағы алшақтықты жою туралы, «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасының тиімді жақтарын ,оқыту бағдарламасының сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағытталып отырғаны туралы атап көрсетті және Елбасы Жолдауын қолдайтынын айтты.
Батыс Қазақстан облысының кәсіподақ ұйымының бас маманы Марина Хамитовна сөз алып, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымының жұмыс барысындағы тыныс-тіршілігін, ондағы атқарылып жатқан игі істерін, олардың бастамасымен өткен шараларын, кәсіподақ мүшелерін марапаттау жиындарын слайд арқылы көрсетіп,кәсіподақ қызметін ұйымдастыру, іс-қағаз жүргізу жөнінде әдістемелік көмек көрсетті.
Келесі сөз кезегін бас есепші Гүлнұр Сүндетқызы алып, облыстық кәсіподақ ұйымының қаржы мәселесі туралы мәліметтерді санамалап түсіндірді. Сұрақтар қойылып, нақты жауап алынды. Бұл жиын шалғайдағы біздер үшін өте тиімді ұйымдастырылған кездесу болды. Бұдан біздің ойға түйгеніміз, үйренеріміз көп болды дегім келеді.
М. Мирманов атындағы ЖОББМбастауыш кәсіподақ ұйымыныңтөрайымыЖ.Б.АбдироваБҚО, Жаңақала ауданы
-
Фотографии
-