
Алғысымыз шексіз
Киелі Темір топырағы таланттылар мен дарындыларға кенде болмаған. 19-ақпанкүні аудан тұрғындарын әсем әндерімен баурап, бір серпілткен Сейсен Айтжановтың отбасылық концерті болды.
Әнсүйер қауыммен бірге Темір аудандық отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері де әдемі әуеннің, көңілді концерттің куәсі болды. Балалардың бұл концертке тегін кіруіне Ақтөбе облысы Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Сабенова Назгүл Жоламанқызы қолдау көрсетті.
Бұған дейін де балалардың рухани өсіп жетілуіне аудандық кәсіподақ ұйымынан материалдық жағынан көп көмек беріп келеді. Осы баспа арқылы Сабенова Назгүл Жоламанқызына Темір аудандық балалар үйі атынан алғысымызды жеткізгіміз келеді.
Сонымен қатар Темір ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.И.Өтепов пен «Нұр отан» партиясының депутаты Е.Б.Балбосынов та концерт сонында мейірімділік көмек ретінде балаларға сыйлық тарту етті.
Ақтөбе облысыТемір аудандықотбасы үлгісіндегібалалар үйініңбасшы ана тәрбиешісіЖ.Кокаманова