
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының кәсіподақ белсенділерімен оқыту семинары өткізілді
2017 жылдың 22 ақпанындағы Ақжайық ауданының М.Әуезов атындағы ОЖББМ мәжіліс залында БҚО Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының бастамасымен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қатысуымен оқыту семинары өтті. Семинарға 200-ге жуық бастауыш кәсіподақ төрағалары, қазынашылар, тексеру комиссиясының төрағалары және кәсіподақтың «Жастар қанаты» жетекшілері қатысты.
Семинарда кәсіподақ ұйымдарының белсенділері еліміз үшін стратегиялық маңызды құжаттарды – ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы және ҚР Президентінің бірқатар өкілеттілігін Парламентпен Үкіметке беру туралы Үндеуін талқылады.
Семинарда сөз алғандар осы маңызды құжаттарға байланысты өз пікірлерін білдіре отырып, тұтастай алғандай Елбасының бұл қадамдарымен жоспарларын қолдайтындықтарын білдірді.
Облыстық комитетінің қызметкерлері бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметімен егжей-тегжей танысып, оларға құқықтық мәселелер мен кәсіподақ қызметін ұйымдастыру, іс-қағаз жүргізу және қаржы қызметі жөнінде әдістемелік көмек көрсетті.
Сонымен қатар семинар барысында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, іс-жүзінде ұйымдастыру шараларын көрсетті.
Ақжайық аудандық кәсіподағыныңтөрағасы Маким Умбеталиев
-
Фотографии
-