.jpg)
Аудандық «Қысқы спартакиада» ойындары өз мәресіне жетті
Халықаралық «Қысқы Универсиада - 2017» қарсаңында білім қызметкерлерін бір арнаға тоғыстыра білген аудандық кәсіподақ ұйымы «Білектілік, ептілік, жүректілікті серік етейік, белсенді өмір сүрейік!» атты ұранымен қысқы спартакиаданың бастауына негіз болды. Қаңтар айының 31 күні №5 орта мектебінің мұз айдынында қысқы спартакиада ойындары салтанатты түрде ашылды. Салтанатты шараға Шалқар қаласы әкімі Сұлтан Жұманов, ардагер ұстаздар: М.Н.Майкупов, З.Е.Жөлекенов, Ө.Ұ.Елеуова жәнемекеме басшылары менбастауыш кәсіподақ ұйымының көшбасшылары қатысты.
Байрақты бәсеке қарсаңында бастау алған қысқы спартакиада мақсаты ауданымыздағы білім қызметкерлерінің арасында бұқаралық спорттың қысқы түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын берік ұстануды насихаттау, дене шынықтыру және спорт түрлерімен күнделікті өмірде айналысуды қалыптастыру.Аталған шараға 43 білім беру ордаларынан 231 қызметкер бағдарламаға сәйкес спорттың алты түрі бойынша сынға түсті.
Жарыстың алғашқы күні аудан білім қызметкерлері арасындағы шорт-трек жарысынан басталды. Аудан бойынша аталмыш жарысқа 60 білім қызметкері қатысты. Оның ішінде шорт-трекке қатысқан ерлер саны 31 болса, әйелдер саны – 29. Қатысушы ер азаматтар 1000 метрді, әйел азаматшалар 500 метрді конькимен сырғанап өтті.Нәтижесінде ер азаматтар арасындаI орынға №5 орта мектебінің қызметкері ие болды, ал әйелдер арасындаI орынды№8 жалпы орта білім беретін мектеп қызметкері иеленді.
Мұз айдынында өткен«Көңілді старт» сайысында білім ордаларының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары «Бірлік», «Достық», «Универсиада», «Қыран» командаларына бірікті.Салауатты өмірді насихаттауда өткізілген сайысқа жалпы есеппен 28 маман белсенділік танытты. Сайысқа қатысушыларжеңіске жету жолында «Жалаумен жүгіру», «Жұптық эстафета», «Шанамен жарыс», «Жылан ізі» шарттарын орындауда ұйымшылдық пен бірлікте өнер көрсете біліп, жүлделі орындарға ие болды.«Бірлік» құрама командасының ойыншылары жүлделі I орынға ие болды.
Мұз айдынында «Мәнерлеп сырғанаудан» би жарысына 6 жұп қатысты.Сайысқа аудандық кәсіподақ ұйымының жетекшісі Г.Ә.Махат пен аудандық білім бөлімінің қызметкерлері және де зейнеткер ұстаз әділ қазылық етті. Жарыстың бағдарламасы бойынша жұптардың таңдаған әуеніне, әуенге сай киім киюіне, әртістік шеберлігі мен биіне назар аударылды.
Би өнерін мұз үстінде шебер орындаған жұптар тапсырылған сыннан мүдірмей өтуге тырысты. Қорытындысында екі бірдей жұпI орынды иеленді. Олар №5 орта мектеп пен «№12 балабақша» қызметкерлері.
Аудандық «Қысқы спартакиада» аясында білім қызметкерлері арасындаөткен допты хоккей жарысына 8 команда қатысты. Екі күнге созылған ойында қатысушылар өз шеберліктерін көрсете білді.Нәтижесінде «№5 орта мектеп» командасы I орынды қанжығасына байлады.
Спартакиада бағдарламасының кезекті сайысы бойынша сайыскерлер Шалқар көлі үстіндебалық аулау шеберліктерімен сыналды.Сайысқа21 білім қызметкері қатысып, қорытындысында №4 орта мектебінің ұстаздары I орынға ие болды.
Аязды, ашық ауа райы күні табиғат аясында өткен шаңғы жарысы да тартысты өтті. Шаңғы жарысына қатысушы ер азаматтар 1000м, ал әйел азаматшалар 500 м жүріп өтті. Қатысушыларға ыстық шәй мен дәмді балық сорпасы ұсынылды.Қатысушылар денсаулықтарының шыңдалуы мен көңілдерінің сергіп қалуы жолында ерекше әсер алғандарымен бөлісті.
«Шаңғы» сайысында бақ сынаған мекеме басшылары мен орынбасарлары жүлделі орындармен бөлісті. Ер азаматтар арасында I орынды Т.Шанов атындағы орта мектебі иеленді.
Бір апта аясында өткен қысқы спартакиаданың жабылу салтанаты ақпан айының 8 күні №5 орта мектебінің мұз айдынында ұйымдастырылды.
Шара соңында сөз алған аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Махат аудандық білім беру қызметкерлері арасында өткен «Қысқы спартакиада» ойындарының сәтті өткізілуіне белсенді түрде атсалысқан ардагер-ұстаздар мен №5 орта мектебінің бірқатар қызметкерлеріне арнайы Алғыс хат және шағын сыйлықтар табыс етті.
Спартакиадаға қатысушылар да ұйымдастырылған шараның көңілдерінен шыққандығын және алдағы уақытта жалғасын таба берсе деген ұсыныстарын білдірді.
Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,№5 Шалқар орта мектебінің мұғаліміЛ.Т.Қоңырбаева
-
Фотографии
-