.jpg)
Кәсіподақ студенттік өмірінен
Ақтөбе политехникалық колледжінде дәстүрлі түрде «Жайдарман» ойыны өтеді. Колледждің «Маданият» атты студенттер командасы, колледждің кәсіподағының қолдауымен Қазақстан Республикасының «Жайдарман» қөңілді тапқыштар ойындарына қатысып, тәжірибе жинақтауда. 2017 жылы 25 қаңтармен 3 ақпан аралығында Астана қаласында өткен«Маусымашар-2017»фестиваліне«Маданият»КВН командасы қатысып, ағымдағы жылдың ақпан айында Атырау қаласында өтетін орталық лига ойынына жолдама алды.
Республикалық «Қазақстан КВН одағының» бірлестік ұжымы колледждің кәсіподақ төрайымы Жумагазина Галия Урунгалиевнаға, «Жайдарман» жобасын қолдап, басқарып отырған мекеменің атынан ойынға қатысуға жағдай жасағаны үшін өз алғыстарын білдіріп, Қазақстан КВН одағының арнайы алғыс хатымен марапаттады.
Кәсіподақтың студенттер қауымы мен «Маданият» командасы өздерінің белсенділіктерімен колледжде осы ойынды жандандыру мақсатында колледж студенттері арасында кезекті «Кәсіподақ Кубогінің» Жайдарман ойынын өткізді. Ойынға «Дежавью», «Кіші АС», «Ғажайып»және«Маями» командалары қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Жайдарман ойыны үш кезең бойынша ұйымдастырылды:
1.Сәлемдесу – 5 минут
2.Бес жаңалық
3.Еркін сайыс
Өнеркөрсеткенкомандаларәділқазыларалқасыныңбағалауыменжүлделіорындарғаиеболды, соныменқатаржарысбарысында«Көрерменкөзайымы» да анықталды.
Барлықжайдарманкомандаларынқұттықтайотырып,аларасулары, шығаршыңдарыбиікболсындемекпіз!
Ақтөбе облысыАқтөбе политехникалық колледжініңбастауыш кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-