
«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бойынша ҚОЛДАУ
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын Текелі қаласының білім қызметкерлері өз ұжымдарында өткізген жиылысқа бір адамдай толығымен қатысып, талдап шықты.Ұжым мүшелері толықтай қатысқан жиындаЖолдау бойынша өз пікірлері мен ойларын ортаға салды.Жолдауда көрсетілгендей басып өткен жолымыздың қиыншылықтарды қалай еңсеріп,қандай жолдармен беделге ие болғанын түсінген ұжым мүшелері Қазақстан Республикасының жаһандық бәсекеге қабілеттілік, Қазақстанның үшінші жаңғыруы деп аталатын бағдар – жоспардың болашақ үшін маңыздылығын тереңнен түсініп, толығыменқолдап,Елбасымыздың сарабдал саясатының негізгі ұстанымдарын халықпен бірге орындап, нәтижеге жететіндігін бағдаршам ретінде қабылдап,орындау үшін ең ұтымды жолдарды көрсете алды.Елбасы өзі көрсеткендей,болашағын айқындаған ел,сын-қатерлерді күтіп отырмастан,оған табанды түрде қарсы тұра алатындай халық қана жеңіске жететіндігін дәлелдеді.
Ел алдындағы Қазақстанның үшінші жаңғыру міндеттері айқындалған болашақ стратегиялық жобалардың орындалуы көрсетілген үшінші экономикалық өсімнің тұрақтылығы елдің ертеңге сенімін бекітеді.
Біз, ұстаздар ұжымы міндетіміз - дамыған елдердің озық стандарттарына жету жолында аянбай жас ұрпақты тәрбиелеп, жаһандық бәсекеге қабілетімен өресін өсіруде үлес қосуды өз міндеттеріміз деп санайтындықтарын өз ойларымен жеткізді. Алдымызға қойылған үш міндеттің екінші бөлімі білім саласына арналған болса,ортақ жауапкершілікке негізделген міндетті тапсырма деп қабылдаған ұжым елімізді одан ары жаңғырту жөніндегі міндеттерді толықтай орындай алатындықтарына сендірді.
Біздің күшіміз-бірлікте !
Кәсіподақ комитетінің төрағасы Р. Малчабаева