БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САЯСИ РЕФОРМА АЯСЫНДА ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ЕЛБАСЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК» АТТЫ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
7 ақпан күні Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымы және Облыстық білім беру басқармасының бастамасымен, Қ.Мырзалиев атындағы Мәдениет және өнер орталығында саяси реформа аясында іске асырылатын конституциялық өзгерістер мен Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының маңыздылығын талқылаған басқосу болды. Дискуссиялық алаңға облыстық білім беру мекемелері мен колледж басшылары, жас мамандар, профессор – оқытушылар құрамы қатысты.
Еркін пікір алмасу сипатында өткен жиынды Облыстық білім беру басқармасының орынбасары Нұрлан Сабиров жүргізді.
Басқосуда Жолдаудың басым бағыттары сөз болды. Облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің төрағасы Марат Даупаев өз баяндамасында жолдауда айтылған басымдықтың бірі – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы мәселесіне айрықша назар аударды.
Басқосуда Облыстық білім басқармасының орынбасары Н.Сабиров қатысушыларды конституциялық реформа аясында ұсыныс – пікірлерін білдіруге шақырды. Елбасының Жарлығымен бірқатар өкілетті билік тармақтарына бөліп беру жайына тоқталып, сот пен прокуратура қызметі және басқа салаларда өзгерістер болуы мүмкін екенін жеткізді.
Жиын қорытындысында Жолдаудың халық арасында кеңінен қолдау табатынын және насихат жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
Бас маман Марина Темиргалиева
-
Фотографии
-