
Батыс Қазақстан облыстық Сырым аудандық кәсіподағының білім және ғылым саласы қызметкерлерімен Елбасының Жолдауы тақыланды
7 ақпан күні Сырым аудандық білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының жұмысын зерделеу, бағдарлау, кәсіподақ мүшелерімен пікірлесіп, оқыту семинарын ұйымдастыру мақсатында облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының мамандарымен және аудандық кәсіподақ ұйым мүшелерімен кеңейтілген отырыс ұйымдастырылды. Облыстық кәсіподақ ұйымының мамандары аудандық білім беру бөліміне бас тіреп, бөлім басшысымен ауданымыздағы білім саласы кәсіподақ ұйымының жұмысы туралы хабардар болды.
ЖББЖ.Досмұхамедов атындағы мектеп базасында жұмысын жалғастырған кәсіподақ отырысына бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, ревизиялық комиссияның мүшелері, қазынашылар, комитет мүшелері мен кәсіподақ мүшелері қатысты.Бас қосудың мақсатымен келген қонақтар таныстырылғаннан кейін, жиынымыз жылдың басты саяси жаңалығы Елбасы Жолдауын кәсіподақ мүшелерімен талдаудан басталып, облыстық кәсіподақ ұйымының заңгері Г.Е.Құрманғазиева жолдауға қатысты өз баяндамасымен бөліссе, аудандық кәсіподақ ұйымы "Жастар қанатының" төрағасы Сатым Қажгереев жас мамандар атынан қолдау білдіріп, ЖББҚ особа орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы, тарих пәнінің мұғалімі Мұратбек Тойғожиев өз пікірін ортаға салды.
Облыстық кәсіподақ ұйымынан келген мамандар қазіргі кәсіподақ жұмысының жайы, жұмыстану жолдары туралы сөз алып, қатысушыларға бағыт-бағдар беретін тәжірибелік мағлұматтарын баян етті. Жиын барысы қатысушыларға өз сұрақтарымен ойларымен, ұсыныстарымен бөлісуге мүмкіндік беріп, еркін сұхбаттасуға ұласты.
Қазіргі мұғалімдердің мәртебесі, қоғамдағы орны, кәсіподақ жұмысындағы бірқатар ісжүргізу жұмыстары мен құқықтық сауаттылықты қажет ететін сауалдар қызу талқы тудырып, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары Қ.Арыстанов, Д.Хажгереева, Е.Мырза, Г.Нұрмуханова, Е.Бердігалиев, Г.Уразгалиевалардың ойларымен ұсыныстары көпшіліктің көңілінен шықты.
Жиынды аудандық білім саласы қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж.Т.Сейтова қорытындылап, қонақтар мен қатысушыларға алғысын білдіргеннен соң, шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Түстен кейін облыстық кәсіподақ ұйымының мамандары аудандық кәсіподақ ұйымының жұмысын зерделеп, атқарылған жұмыстардың нәтижесін оң бағалап, ЖББҚ.Мырзалиев атындағы мектептің ұжымымен кездесіп, бірқатар туындаған мәселеге байланысты түсінік жұмыстарын жүргізді.
Сырым еліне арнайы келіп, білім саласы қызметкерлерінің жалпы жағдайын біліп, мәселелеріне назар аударған облыстық білім және ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының мамандарына ризашылығымызды білдіреміз.
Жұлдыз ТөлегенқызыСырым аудандық білім саласы қызметкерлерініңкәсіподақұйымыныңтөрайымы
-
Фотографии
-