.jpg)
«Қысқы спартакиада – 2017» - білім қызметкерлерінің дүбірлі додасы
Төрткүл дүние төсін дүбірге бөлеп, сайын даланы спорттық ойындардың жаңғырығына толтырған, студенттер сайысы саналатын XXVIII қысқы Универсиада – 2017 Алматы төрінде бастау алғаны белгілі. Елбасының ерекше назары мен қолдауының арқасында саңлақтардың жарысы спорттың өрелі өлшемін көрсетпек.Спортты білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде дамыту – универсиаданың негізгі мақсаты екені анық.
Халықаралық «Қысқы Универсиада – 2017» қарсаңында білім қызметкерлерін бір арнаға тоғыстыра білген Шалқар аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы «Білектілік, ептілік, жүректілікті серік етейік, белсенді өмір сүрейік!» атты ұранымен қысқы спартакиаданың бастауына негіз болды.Қысқы спартакиаданың ашылу салтанаты №5 орта мектептің мұз айдынында өткізілді. Салтанатты жиынға қала әкімі Жұманов Сұлтан Ерімбетұлы, бөлім және мекеме басшылары, ардагер-ұстаздар, кәсіподақ көшбасшылары қатысты. 2017 жылдың 30 қаңтары мен 6 ақпаны аралығына жоспарланған қысқы спартакиадаға336 қызметкер қатысады.
Спартакиаданың мақсаты мен міндеттері:
- білім беру қызметкерлері арасында бұқаралық спорттың қысқы түрлерін ұйымдастыру;
- салауатты өмір салтын берік ұстануды насихаттау;
- дене шынықтыру және спорт түрлерімен күнделікті өмірде айналысуды қалыптастыру;
- салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған шараларды ұйымдастыруды әрі қарай жетілдіру;
- дене шынықтыру және спорт түрлерімен белсенді айналысуға қызығушылығын арттыру.
Жарысқа қатысушылар қысқы спартакиадада спорттың алты түрінен сайысқа түседі:
- Жастар арасында шорт-трек сайысы;
- Аудандық кәсіподақ көшбасшылары арасында «Көңілді старт» сайысы;
- Білім қызметкерлері арасында «Мәнерлеп сырғанаудан» би жарысы;
- Допты хоккей жарысы;
- Шалқар көлі үстінде «Балық аулау» жарысы;
- Білім беру басшылары арасында шаңғы жарысы.
Қысқы спартакиаданың ашылу салтанатында түрлі-түсті жалау ұстаған мектеп оқушыларымұз айдынында өнер көрсетіп, мектеп жастарының флеш-мобына ұласты.
Сондай-ақ жарысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, республикалық «Жұлдызды сәт» байқауының лауреаты Удешов Алматтың «Мәңгілік ел» әні шырқалды.
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,№5 орта мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесіЖ.Мырзамадина
-
Фотографии
-