
Ақсу ауданында құқықтық семинар өткізілді
Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық ұйымының ұйымдастыруымен Ақсу ауданы, Жансүгіров кентіндегі Е.Сиқымов атындағы орта мектеп-интернатының мәжіліс залында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен кадрлар жұмысына жауапты мамандар арасында «Кәсіподақ қызметінің құқықтық негіздері. Еңбек заңнамасын орындамағаны үшін жұмыс берушінің кейбір жауапкершілік мәселелері» тақырыбында құқықтық семинар өткізілді.
Семинарда төрағалық еткен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық ұйымы» ҚБ-нің Ақсу аудандық комитетінің төрағасы Маралов Айдар Әмірұлы сөз сөйлеп семинардың мақсатын айтты. Одан кейін тыңдаушылар «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық ұйымының құқықтық жұмыс жөніндегі бас маманы Асылханов Қайратбек Мұхаметкәрімұлының кәсіподақ қызметінің құқықтық негіздері, мақсат-міндеттері және құрылымы туралы дәріс жүргізді және Алматы облысы еңбек инспекциясының Ақсу ауданы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Кәріпов Әлімжан Кәкімжанұлы білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасын бұзушылық орын алған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны, қазіргі күні салынатын айыппұлдың ұлғайғаны туралы дәрістерін тыңдады. Тыңдаушылардың көкейінде сыңайлы сұрақтарына қолданыстағы «Кәсіптік одақтар туралы», «Білім туралы» Заңдары мен Еңбек кодексі және «Азаматтық қызметшілерге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы, салалық мен ұжымдық келісім талаптарына сүйене отырып жауап берілді және іс-тәжірибеде қолдану жайында құқықтық кеңестер алды.
Ақсу аудандық кәсіподақ комитетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптары іс жүзінде орындалуына тұрақты түрде қоғамдық бақылау жүргізу тапсырылды. Семинарға 90–нан астам тыңдаушылар қатысты, естелік суретке түсті.
Талдықорған аумақтық ұйымының бас маманы Асылханов Қ.М.
-
Фотографии
-