Жас мамандарға жайлы қоныс
Жаңа жыл қарсаңында Шығыс Қазақстан облысыЗайсан қаласында жаңадан үш қабатты 60 пәтерлі үй пайдалануға берілді. Осы үйдің жартысына жуығын, атап айтсақ 28 пәтердібілім саласында жас ұрпақ тәрбиесімен айналысатын 28 жас маманға алып беру үшінаудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Сайранов Қабиолда Ергедікұлының атқарған еңбегі ерекше.Осындай қомақты істі жүзеге асыру барысында Қ. Сайрановтың аудандық мәслихат депутатының мандаты да, аудандық тұрғын үй бөлу комиссиясының мүшесі болуы да қолдау болды. Бұл кәсіподақ төрағасының жан-жақтылығын, оның аудандық қоғам алдындағы абыройын айшықтайды. Қ. Сайранов заңгер ретінде, депутат ретінде және аудан бойынша көптеген комиссиялардың мүшесі болғандықтан сала қызметкерлерінің қандай мәселелері болса да олардың мүдделерін қорғайтын шешімін тауып береді.Білім саласы кәсіподақ мүшелерінің өз көшбасшыларына деген алғысы шексіз.
Жаңа қоныстың кілтін тапсыруға арналған салтанатты жиынға аудан әкімі Т.Ж.Қасымжанов, аудандық мәслихат хатшысы Д.Н.Ыдырышев, аудандық білім саласының кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ. Сайранов жиналған қауымды жаңа жыл алдындағы жаңа қонысқа ие болу қуаныштарымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
« Менің отбасым үшін жаңа жыл қуанышты жаңалықтармен басталды. Біз 3 бөлмелі пәтерге ие болып, аудан әкімінің қолынан жаңа қоныс кілтін алдық. Екі баламыз бар. Өзім М.Дәуленов атындағы мектеп-интернатында тәрбиешімін. Жастарға қамқорлық көрсетіп, баспана мәселесін шешуге көп ықпал жасаған өзіміздің аудандық кәсіподақ төрағасы Қабиолда ағаға жаңа қоныс иелері атынан "рахмет" айтамын» -деді өз қуанышмен бөліскен Сагдолдина Шұғыла.
Аудандағы жастар саясатынбелсенді жүргізу- бұл жұмыс пен баспанамен қамту, жастардың алаңсыз еңбек етуіне ықпал жасаудың бірден-бір мүмкіншілігі.Мешін жылының соңғы күндері көптеген жастар қолдарына жаңа баспана кілтін алып 2017 жылды қуанышты сәттермен қарсы алды.
Сәуле Серикбаева ШҚО, Зайсан қаласы, М.Дәуленов атындағы мектеп-интернаттың кәсіподақ төрайымы
-
Фотографии
-