Білім саласы қызметкерлерінің балаларына арналған шырша
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымы мен аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері жаңа жыл қарсаңында білім саласының қызметкелерінің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өткізді.
Облыс бойынша шыршаға 5890 тәтті сыйлықтар таратылды. Оның ішінде білім саласы ардагерлерінің немерелеріне, кәсіподақ мүшелерінің, жағдайы төмен және толық емес отбасы балалары үшін 3055 сыйлықтар тегін үлестірілді.
Балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап, қызықты қойылымдарды тамашалады. Одан әрі қызылды-жасылды шамдары жарқыраған, әдемі безендірілген алып шыршаның маңына топтасқан балалар шыршаны айнала ән айтып, би билеп, Аяз Ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетіп тәтті сыйлықтар мен ойыншықтар алды. Мереке соңы көңілді концертке ұласты.
Қызылорда қалалық кәсіподақ комитетініңтөрайымы О.М.Алимбетова
-
Фотографии
-