Жаңақорған шипажайында шығармашыл мұғалімдердің дәстүрлі облыстық «Тәжірибе алаңын» ұйымдастырды
Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетімен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ бірлесіп 2017 жылы 02-05 қаңтар аралығында Жаңақорған шипажайында шығармашыл мұғалімдердің дәстүрлі облыстық «Тәжірибе алаңын» ұйымдастырды. «Тәжірибе алаңы» – бүгінгі таңда озат тәжірибелі мұғалімдермен үнемі тығыз байланыста болуға, олардың қызметтік проблемалары мен шығармашылық әлеуетін дер кезінде көруге, курстық және курсаралық шаралардың нәтижелілігін байқау үшін жыл сайын кері байланыс жасауға мүмкіндік беретін ең құнды, ең маңызды жобаларының бірі.
«Тәжірибе алаңы» – бес күн ішінде бірнеше бағыттағы формасы алуан түрлі шараларды өткізе отырып, әрбір ұстаздың бірнеше күн ішінде бірнеше жұмысын қорғауға жағдай жасайтын, ірі жобалардың бірі.
Биылғы жылдың ерекшелігі Жаңартылаған білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы іс-шаралар көптеп қамтылды. Сонымен қатар биылғы тажірибе алаңына облыстан 90 мұғалім қатысты.
Ұйымдастырушылардың жоғары деңгейде үйлестіре білу әрекеттерінің нәтижесінде уақыт тапшылығына қарамастан барлық шараны өткізу мүмкіндігіне қол жеткізілді. Қатысушылардың шығармашылық еңбегін айқындайтын әрбір материал алаң жұмысы барысында өздерінің және тәуелсіз сарапшылардың тезінен өткізіліп, лайықты бағаланды, бағыт-бағдар беріліп, жетілдіру бағытындағы ұсыныстарымен толықтырылды.
Тәжірибе алмасу барысында «Үздік авторлық бағдарлама-2017» байқауы, «Брейн-ринг-2017» ойыны, идеялар аукционы т.б өтті.
«Кәсіби құзырлылықты қалыптастыру жолдары» тақырыбында білім саласына қатысты заңнамаларға түсініктемелер берілді.
Тәжірибе алаңына белсене қатысқан ұстаздарға Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетімен «Өрлеу» БАҰО» бірлескен Құрмет грамоталары, Алғыс хаттары тапсырылды.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымының төрайым орынбасары Г.Ескалиева
-
Фотографии
-