
Бурабайдағы ғажайып демалыс
Қызылорда облыстық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподағының ұйымдастыруымен 03-07.01.2017 жылы сұлу Көкше баурайындағы Жұмбақтас шипажайына 52 кәсіподақ мүшесіне бес күндік қысқы демалыс ұйымдастырылды.
Оның ішінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 1991 жылы отбасын құрып, бұл күнде бәйтерек секілді етегін кеңге жайған, көпке үлгі болып жүрген білім саласының 9 жанұясы тегін жолдамамен демалса, қалған 34 кәсіподақ мүшесіне 50 пайыз жеңілдетілген жолдама берілді.
Демалушылар аты аңызға айналған Бурабайға экскурсияға шығып «Хан асары», «Оқжетпес», «Жұмбақтас», Абылайхан алаңындағы мұражай тарихымен танысып, ғажап ертегілер елі-Лафландияны тамашалады. Бурабайдың қарағайлы орманында шаңғы, мұз айдынында коньки теуіп шынықты. Бұл киелі мекенде демалған, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанды.
Шипажайда ұйымдастырылған танысу, туған күн, би, қоштасу кештері ұйымдасқан түрде өтіп, демалушыларды әр сәт қызыққа, қуанышқа бөледі.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымының төрайым орынбасары Г.Ескалиева
-
Фотографии
-