
Жасыл желек - игі бастама
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бір тал кессең, он тал ек» деп тегіннен - тегін айтылмаған. Табиғат - сұлулық пен әсемдік әлемі.
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай жаңа «Жамбыл Жабаев» атындағы жастар саябағы ашылды. Игі бастаманы ұйымдастырушы аудан әкімі Ы.Ә.Бинәлі: «Бұл бір күндік немесе бір жылдық саябақ емес. Бұл - Мәңгілік Елдің, «Ұлы Дала елінің» мәңгілік құндылығы болады», - деген еді. Игі бастамаға өз үлестерін қосқан аудандық білім бөлімі, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Д.Надырбаев, аудан әкімінің аппараты, мектеп директорлары мен білім бөлімінің қызметкерлері, кәсіподақ мүшелері «Жамбыл Жабаев» атындағы жастар саябағына өз қолдарымен 510 түп әр түрлі ағаш көшеттерін отырғызды.
«Жамбыл Жабаев» атындағы жастар саябағы елімізді, туған жерімізді, қаламызды көркейтіп, келешек ұрпаққа аманаттайтын демалыс орны болары сөзсіз.
Осы игі істі жалғастыру - жастарға, қала тұрғындырына жүктелмек.
Елбасымыздың жастарға айтқан: «Еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы аскақ болады», - деп, Қазақстанның гүлденуіне өз үлесін қосуды парыз етті. Олай болса, туған жерімізге деген сүйіспеншілігіміз жасыл бақ кейпінде мәңгіге қалуына, әрбір тал- теректің бәйтерекке айналуына бәріміз ат салысайық, ағайын!
Табиғат- адам бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат сыйлайтын сұлулық пен әсемдік әлемі. Ендеше, барымызды бағалайық!Мәңгілік Ел болудағы мұратымыз баянды болсын!
Достық ауылыҚаратұрық орта мектебінің директоры Жанар Мәлікқызы Мухалиева
-
Фотографии
-