Батыс Қазақстан облысында «Тұрақтылық пен игіліктің жемісі – еңбек» атты мерекелік шарасы өткізілді
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы және облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағымен бірлесіп желтоқсанның 9 күні Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тұрақтылық пен игіліктің жемісі – еңбек» атты мерекелік шарасын өткізді.
Тәуелсіз еліміздің одан әрі өркендеп, алға басуына өз еңбегін сіңіріп, қомақты үлесін қосып келе жатқан адамдар қай салада да аз емес. Сондықтан салтанатты шарада білім және ғылым саласындағы көп жылғы адал еңбектері мен кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосқан кәсіподақ белсенділері мен мүшелерінің бір тобы марапатталды. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен облыстық білім беру басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева,М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Асхат Иманғалиев, Жәнібек колледжінің директоры Берік Ихсановмарапатталды.Еліміздегі салалық кәсіподақ қозғалысының дамуы мен нығаюына, кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына елеулі үлес қосқаны үшін облыстық экологиялық-биологиялық орталығының бөлім меңгерушісі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасыТаисия Скрипниковаға, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұрат Абуевке Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасы табыс етілді. Сондай-ақ облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен Орал «Сервис» технологиялық колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Танзила Айтмағамбетова, Шыңғырлау аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Үміт Өтебаева, Сырым аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұлдыз Сейітова,Жаңақала аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Жастілек Қайрекешов,Зеленов аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Дусалиев,Теректі аудандық Восход ЖОББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Махат Наурызов, «Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ қазынашысы Зәмзәгүл Айтқұлова марапатталды.
Мерекелік шарада кәсіподақ ұйымының дамуына, білім саласының өркендеуіне үлес қосқан педагогикалық еңбек ардагерлеріне «Ақжайық» шипажайына тегін 15 жолдама берілді. Шара барысында облыстық «Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауының түрлі аталымдары бойынша жеңімпаздары да сый-құрметке ие болды.«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»аталымы бойынша Бөрлі аудандық кәсіподақ ұйымы (төрағасы С. Жандалиева), облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 8 мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымы (төрағасы С. Қанатова), Ақжайық аграрлық технологиялық колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымы (төрағасы Ж.Сағындықов) үздік деп танылды. Ал «Үздік кәсіподақ көшбасшысы» аталымында Бөрлі аудандық № 3 негізгі мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Людмила Трунова, дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнәр Атош, Орал политехникалық колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жаннат Нұрахметова үздік шықты.«ҰБТ нәтижесі бойынша үздік пән мұғалімі - 2016»аталымы бойынша Теректі ауданындағы Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының математика пәні мұғалімі Айгүл Исенова, Бөрлі ауданының Ақсай қаласындағы № 5 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тоты Нұғманова, Тасқала ауданының Шежін ЖОББМБ химия пәні мұғалімі Венера Бақытова, дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің тарих пәні мұғалімі Бауыржан Алышев, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі Азат Жексенов, Орал қаласындағы А.Тайманов атындағы №34 мектеп гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айгүл Мұханбетова, Орал қаласындағы №44 мектеп гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Гүлсім Жексенғалиева үздік пән мұғалімі атанды.«Тәуелсіздік құрдастары» атылымы бойыншаЖәнібек ауданы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі Айнұр Түнғатарова, Қазталов ауданындағы Қайыңды жалпы орта білім беретін мектебінің химия пәнінің мұғалімі Дамира Тәттіғалиева, Зеленов аудандық білім беру бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық секторының бас маманы Ажар Оңғарбаева, Жаңақала ауданы №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Зайда Жұмашева, Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп–лицейінің математика пәнінің мұғалімі Лунара Иманғалиева марапатқа ие болды.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.
-
Фотографии
-