
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Махамбет аудандық комитеті» филиалы 2016 жылдың 10 желтоқсан күні Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің базасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік құрдастары» тақырыбында кездесу кешін ұйымдастырды.
Кешегi тәуелсіздік таңымен мектеп табалдырығына қызмет етуге келген жастар, мiне, салиқалы ой тоқтатқан еңселі азамат пен ақиық азаматшаларға айналып, жарқырап тұр. 25 жұлдызды жастығының жарқыраған шағында ұрпақ алдында еңбек етіп, тәуелсіздіктің мерейтойымен бірге қуанып жүрген жастарымыз өз алдына бір-бір шоқ жұлдыз, ал егер бәрiн бiрге қоссақ– әлемге жылу берер жарық жұлдызға айналады.
Кездесутәуелсіздігіміздің осы жарық та жарқын жұлдыздарына арналып «Жұлдызды кеш» деп аталды.Шараға бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары қатысып, 1991 жылы дүниеге келген білім саласы қызметкерлері мен 1991 жылы еңбек жолын бастағандар шақырылды. Сонымен қатар, 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан, аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің тілшісі А.Қуанышқалиева қатысты.
Аталмышшара«Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбындағы бейнероликпен басталды. Мектеп оқушылары ән айтып, би билеп, күй тартты.
Мектеп психологы Н.Тауова кездесуге қатысушылармен тренинг өткізді. Бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары мен кәсіподақ белсенділері Филиалдың Құрмет грамотасымен марапатталды.