
Білімді ұрпақ – болашақ Қазақстанның негізі
25-қараша күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының қоғамдық бірлестігінің Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы Надырбаев Серик Дюйсебаевичтың ұйымдастыруымен аудан қызметкерлерінің қатысуымен «Білімді ұрпақ – болашақ Қазақстанның негізі» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Дөнгелек үстелдің құрметті қонағы ретінде Еңбекшіқазақ Аудандық білім бөлімінің басшысының орынбасары, Нұр Отан партиясының төрағасы , Еңбекшіқазақ аудандық әйелдер қауымдастығының төрайымы,мектеп басшылары, жастар саясатының өкілдері және кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ мүшелері шақырлды.
Басты мақсат аудан қызметкерлерінің өз қызмет саласында білімді ұрпақты тәрбиелеудегі іс-тәжірибелерімен бөлісу. Бұл дөңгелек үстел Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылғанын атап өту керек. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының 1991-2016 жылға дейін болған оқиға-хроника видеосымен ашылды. «Менің елім – мәңгілік ел» атты өлең жолдарымен Абылай хан атындағы №4 орта мектептің оқушысы Асқарұлы Дамир жалғастыра түсті. Дөңгелек үстел тақырыбына арқау болар «Ел болашағы жастар қолында» баяндамасын Абылай хан атындағы орта мектептің мұғалімі Бердибаева Салтанат Әділжанқызы оқыды. «Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлт жанды азамат болуы керек!»-деген ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөздерімен бастап, сол жастарды тәрбиелеуге бүгінгі педагогика ғылымдарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі екенін нақтырақ атап өтті.
Құрметті қонақтар білімді ұрпақ тәрбиелеудегі қосқан үлестерімен, алға қойылған мақсаттары туралы ой бөлісті. Ұлттық мектеп пен мұғалім мәртебесіне ерекше тоқталды. Сонымен қатар енгізілген жаңа бағдарламалар, жаңа оқу жүйесіне шолу жасап, тигізер пайдасын айтып кетті. В.Терешкова атындағы орта мектептің мұғалімі Батырбаева Дина Сарсентаевна«Интелектуалды ұлт Қазақстан 2020» бағдарламасына тоқталды. Жастарға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерінұсыну, орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу, мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс екенін айтты.Оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс екенін атап өтті.
Соңында кәсіподақ ұйымы, істелінген жұмыстар мен іс-шараларға тоқталуды жөн санадық. «Кәсіподақ өмірі» атты слайд көрмесін Көктобе орта мектебінің мұғалімі Шыныбаева Айнагуль Базаргелдиевна шолу жасап, қонақтар назарына ұсынды. Қорытынды сөз кәсіптік одағының қоғамдық бірлестігінің төрағасы Надырбаев Серик Дюйсебаевичқа берілді. «Сөз соңында , қазіргі кезде «Жастар – еліміздің болашағы» деген қанатты сөзді жиі айтамыз. Ал, сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі қызметімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты. Мына өтіп жатқан жаһандану, ғаламдану үрдістеріне, ұлт ретінде ұлымызды рухты, қызымызды ғұрыпты етіп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу бүгінгі мына залда отырған әр сала қызметкерлерінің, яғни сіз бен біздің қолдарымызда!» деп аяқтады.
Екпінді орталау мектебінің мұғалімі Мажиков Бахытбек Ақылбекұлына бағалы сыйлық тарту етілді. Дөңгелек үстел өз мақсатына жетіп, берілген тақырыпта ой бөлісу өз деңгейінде өтті.
-
Фотографии
-