Қырықжылдық тарихы бар білімордасы - қырықта
Сары күздің салмақты айы қарашаның алғашқы күндерінде тәуелсіздігіміздің 25 жылдық салтанатымен тұспа – тұс келген Талғар ауданы бойынша ең үлкен үш тілді мектептердің бірі - №29 орта мектептің 40 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Мектептің қалыптасқан өз тарихы бар. Аз-кем содан сыр шертсек...
40 жыл бұрын Іле Алатауының баурайында орын тепкен, қайталанбас кескін - келбетті ару қала Алматыдан қашық емес, Талғар ауданына қарасты табиғаты көркем, ажарлы аймақ - Бесағаш ауылында 1976 жылы №94 орта мектептің іргетасы қаланғанымен, мектептің тарихы 1950 жылдардан басталады.
Ауылдың алғашқы білім ошағы 50-ші жылдардың ортасында ашылған жеті жылдық № 94 мектеп болатын.Алғашқы директоры - Линк Густав Михайлович. Оқу тәрбие ісінің меңгерушілері: Горошко Николай Иванович, Колосова Людмила Прокофьевна.
Бұл жылдары біздің ауылға ұстаздық мамандық алып, өмір жолын жаңа бастаған өрімдей қыз-жігіттер келген. Олар: Несмеянова А.Ф., Федулова Н.Н., Арефеьва З.Д. (Кислицына), Масягина Г.И., Сембаев Р.Д., Байгарашева З.А., Лауфер Ф.Д., Беркембаев М.А., Лямзина И.Е., Кузина Р.П. және т.б.
1962 - 1963 жылдары мектепте 16-17 класс комплекті болып, 23 ұстаз білім берсе, 1964- 1965 жылдардан 19 класс комплекті 30 ұстаз қызмет атқара бастаған. Арефеьва (Кислицына) Зоя Дмитриевна сол жылдары пионер ұйымының жетекшісі болып қызмет атқарған.
1969 жылы мектеп директоры болып Байназаров Рахметолла Байназарович тағайындалады.
Байназаров Рахметолла Байназарович 1923 жылы дүниеге келген. Көп жылдар бойында Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы №94 орта мектепте жоғары сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген.
1969-1980 жылдарда мектеп директорының қызметін Байназаров Рахметолла Байназарович атқарған кезде оқушылар саны артып, мұғалімдер ұжымы өсті. Мұндай ұжым мен оқушылар санына жеті жылдық мектеп тарлық етті. Жаңа мектеп салу қажет болады. Сегіз жылдық мектеп оқушылары ақпарат құралдарына өтініш пен хаттар жолдайды. 1969 жылы 7 наурызда шыққан Огни Алатау газетінің №47 санының бірінші бетінде «Жас қаламгер» клубының мүшесі 86 класс оқушысы Г.Чингалдың №94 сегіз жылдық мектеп оқушыларының атынан «Когда же построят школу» тақырыбында жазылған мақаласы жарық көрген және осы мақала осы күнге дейін «Мектеп тарихы» тақтасында сақтаулы.
1970 жылдың ортасында мектеп директоры Байназаровтың Рахметолла Байназаровичтің табанды талаптарының арқасында жаңа мектеп салу жұмысы басталды.
1976 жылы 8 километрде Талғар тас жолының бойында 960 орындық жаңа мектеп ғимараты бой көтерді.
Рахметолла Байназарович әріптестерінің және оқушылар мен ата - аналардың есінде зор денелі, бала мінезді, мейірімді қалпында сақталып қалды. Директорлық қызметімен қатар ғылымға да көңіл бөліп, педогогика ғылымдарының кандидаты атағын алды.
1970-1980 жылдарда 33 класс комплекті, бастауыш мектепте - 439, жоғарғы кластарда - 608, барлығы - 1047 оқушы болған. Мектептің жаңа ғимаратына көшкенде кабинеттік жүйе сақталған. Сондай - ақ мектепте 10 ұзартылған күн даярлық тобы жұмыс істеді. Онда 300 оқушы білім алып, тәрбиеленді. Ұстаздар ұжымында 57 мұғалім және 10 тәрбиеші жұмыс істеген.
1980-1989 жылдары мектеп директоры -Нұрманов Әбжан Қадырбекович.
Оқу тәрбие ісінің меңгерушілері: Стоцкая Лидия Филиповна, Черных Раиса Николаевна, тәрбие ісінің меңгерушісі Исмаилова Алтун Жамаловна болған.
Нұрманов Әбжан Қадырбековичтің келуімен саяси - идеялық жұмыстың орталығы - Ленин бөлмесі мектептің тәрбие ісі жұмыстарының қайнаған ортасына айналды. Сергей Тюленин атындағы дружина жұмысы, комсомол қатарына қабылдау, Лениндік зачет тапсыру жұмыстарына көп көңіл бөлініп, үлкен істер атқарылған. Интернационалдық - Достық клубының жұмыстарына тәрбие ісінің меңгерушісі Исмаилова Алтун Жамаловна, класс жетекшілер Кислицына Зоя Дмитриевна, Фомаиди Юля Михайловна, Кочергина Людмила Дмитриевна, Песегова Галина Сергеевналар белсене ат салысып, жауапкершілікпен оқушыларды тарта білген.
Сондай-ақ, 1980 жылдардың ортасы мектебімізде аудан бойынша үлкен мұражайлардың бірі болып саналатын «Еңбек және даңқ» мұражайының ашылуымен де ерекшеленеді. 1987 жылы тәрбие ісінің меңгерушісі Исмаилова Алтун Жамаловнамен сол кездегі сурет пәнінің мұғалімі Прищепный Сергей Леонидовичтің қосқан үлестері зор.
1989-2007 жылдары аралығында мектеп директоры қызметін Касымова Галина Нургалиевна атқарады.
Оқу -тәрбие ісінің меңгерушілері: Бекмурзина Мағрипа Кадымовна, Муратбекова Баян Адиловна, Өтепбергенова Зинакул Дүйсенбаевна, ал тәрбие ісінің меңгерушілері: Габдуллина Роза Кабировна, Нурсейтова Салтанат Нурадиловна, Терликбаева Салтанат Зейнеловна, Арзиева Надиям Наримановналар болды.
1989 жылы Калинин колхозы №31 орта мектеп директоры Касымова Галина Нургалиевна №29 орта мектеп директоры қызметіне ауысып келді. Еңбекқор, бастамашыл, жылы жүректі, қажырлы, қайратты, төзімді, қоғамдық жүмыстарға белсене араласатын Галина Нургалиевна тек ұстаз ретінде ғана танылып қойған жоқ, сонымен қатар аудан, облыс тұрғындары танитын облыстық, аудандық мәслихаттың халық қалаулысы болып, халық үшін талмай еңбек етті. Осы еңбегінің нәтижесінде «Білім үздігі» белгісімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Галина Нургалиевнаның табандылығының арқасында қазақ, ұйғыр балаларына өз ана тілдерінде білім алуға мүмкіндік туып, 1989 - 1990 оқу жылында №29 орта мектеп 11 жылдық қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде оқытатын үш тілді мектепке айналды.
1995 жылы директордың бастамасымен мектепте қазақ, славян, курд, ұйғыр ұлттық мәдени орталықтары құрылып, көп жылдар бойында үздіксіз жұмыс істеді. ¥лттық мәдени орталықтардың алғашқы жетекшілері: Жүнісова Гүлбар Мұсахановна, Рушева Елена Алексеевна, Амраева Гүлистан Навердиновна, Мединова Зайтунам Имамдуновна. Жылдан - жылға орталық жұмыстары жанданып, толығып отырды. Әр орталық өз ошақтарын жасап, салт-дәстүрлерін, әдет - ғұрыптарын оқушыларга оқытып, үйретті. Ұлттық мәдени орталықтарының жұмысына белсене ат салысқан Жүнісова Гүлбар Мұсахановна, Четверикова Татьяна Валерьевна, ИсраиловаХушнарям Турсуновна, Амраева Гүлистан Навердиновна, Мединова Зайтунам Имамдуновна, Махамеджанова Гульвира Махамеджановналар халықтың зор ықыласына бөленіп, ұлттық мәдениеттің дамуына өз үлестерін қосты.
1998-2003 жылдар аралығында мектепте үш ауысымда 2700 - ден аса бала оқыды. Бұл кезде де директордың қажырлы еңбегімен Бесағашаулында №29 орта мектеп қарашаңырақ атанып, өзінен 2003-2004 оқу жылының қыркүйек айында жаңа №28 орта мектепті бөліп шығарды.
Ұстаздық жол – ауыр жол, бұралаңы мен бұлтарысы көп. Осындай бұралаңы мен бұлтарысы көп қиын жолдан сүрінбей өткен ұстаз бойына үлкен бедел дариды. Ондай оқытушы мен оқушылар арасында жанынды жадырататындай жарасымды сыйластық пайда болады. Оқытушының, әрине, оқушылар арасында сыпайы, беделді болуы ең алдымен оның өз пәнін жан - жақты жетік біліп, қосымша әдебиеттерді, педагогикалық технологияларды, ғылым мен техниканың таңғажайып жетістіктерін, өмірдегі жарқ етіп көрінген жаңалықтарды пайдалана отырып, сабақты жоғары ғылыми сапада өткізуіне, оған егжей - тегжейлі, тыңғылықты дайындықпен келгенін, немесе дайындықсыз келгенін оқушылар біліп отырады. Жақсы дайындықпен келіп, сабақты шебер өткізетін мүғалімнің сабағын оқушылар зейін қоя, бар ынтасымен тыңдайды да, түсініп алады, әрі оқушылар ерекше көңілділікке бөленеді. Сол көңілділіктен барып балалар бойында оқытушыға деген жақсы жарасымды ниет пайда болады. Мұндай беделді ұстаздар біздің мектептен де табылады. Мысалы: бастауыш сынып мұғалімдері: Еламанова Махаббат Коргулсултановна, Тұралыкова Ботагөз Асқаровна, Өмірбаева Қарлығаш,Мединова Зайтунам Имамдуновна, Азнабакиева Бостан, Рахманова Назгум, Рамазан Жайнагүл, Лозинская Любовь Ивановна, Нижникова Людмила Павловна, Абдикешова Гульмира Женисбаевна және қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Бданова Гүлнар Абдиевна,Абадилова Нүргүл Кабыкеновна, Жайырбаева Раушан Сейдоллаевна, тарих пәнінің мұғалімі Нұрғалымова Шолпан Салыковна, Атежанова Айбарша Оқановна, көп жылдан бері музыка пәнін ерекше сүйіспеншілікпен жүргізіп келе жатқан музыка пәнінің мұғалімі Ахметбекова Шолпан Сырымовна, математика пәнінің мұғалімдері: Абилжанова Майра, Құрманғалиева Маржан Малгаждаровна, Шапиева Канағат Зейнеловна, орыс тілі мұғалімдері Амраева Гулистан Навердиновна., Ростовцева Марина Таукеловна, биология пәнінің мұғалімдері: Құсайнова Айтжамал Аубакировна, Зульярова Венера Мамутовна, ағылшын тілінен Тұрсынбаева Жібек Жамбылбаевна, география пәнінің мұғалімдері: Құрбанбекова Күмісай Абшукуровна, Хожамбердиев Кудрят Турганович,химия пәнінің мұғалімі Ушурова Дильраба Абдуллаевна, физика пәнінің мұғалімі Ажизова Зоя, технология пән мұғалімдері: Исманова Б.Б. біздегі көпшіліктің құрметіне бөленген, тәжірибелі, майталман мұғалімдер. Ұйғыр кластары ашылғаннан бері мектеп қабырғасында талмай еңбек етіп келе жатқан ерлі - зайыпты Балинов Тайлят Хайрахунович пен Исмайлжанова Нурбуви, қазір де сыйлы ұстаздар қатарында. Мұндай еңбекқор, ізденгіш, өз шәкірттері арасында үлкен беделге ие болған ұстаздарға қалай ғана риза болмассың!
Бірлігі бекем мектеп ұжымын "Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады" демекші, білікті басшы, ұжым мақтанышы, тәжірибелі ұстаз Сағындыкова Жанар Сандыбаевна 2012 жылдан бері басқарып келеді. Білгір басшы ұжымды тек биік белестерге жетелеп, білім сапасының артуына өз үлесін қосып, талай жыл талмай-қажымай еңбек етіп келе жатқан қарапайым мұғалімдердің қарапайым еңбектерін бағалап, үнемі қолдау көрсетіп, қанаттарын жаңадан қатайтып кеңге жайған жас мамандарға шарықтап ұшып, белестерді бағындыруға демеу болып жүретінін ерекше атап айтқымыз келеді. Сонымен бірге, «Ұстаз» деген құрметті атаққа кір келтірмей, бар саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге аямай жұмсаған дарынды ұстаз, мектебіміздің оқу тәрбие саласында көп жылдан беріқызмет атқарып келе жатқан директордың орынбасары Габдуллина Роза Кабировнаның аталмыш мектеп үшін жасаған еңбегі зор. Мектептегі әрбір іс-шараның салтанаты өтуіне үлесін қосып, мектебіміздің 40 жылдық мерейтойының аса дайындықпен ат салысқан, ыстығы мен суығы, қызығы мен шыжығы бірге жүретін мектеп өмірінің тынымсыз тіршілігінде адал, шынайы жанашыр ұстаздар тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Беделбекова Бұлбұл Нүсіпәліқызының, оқу ісінің орынбасарлары Арзиева Надиям Наримановна, Махимова Майра Дүйсенбековна, мектеп психологі Жусы Самира Амантаевна және жас та болса мектептің мерекелік іс шараларының жоғары деңгейде өткізіп көпшіліктің көңіленен шығатын сазды кештердіұйымдастырып жүрген педагог ұйымдастырушы Айтмолдин Алмат Қанатханұлы сынды азматтарымыздың елеулі еңбектері мектеп үшін ұшан теңіз. Осындай ұстаздарымыздың еңбегін саралай берсек, таусылмас мол қазына дерсің.Мектебіміздің тәжірибесі мен тағылымы мол, өнеге – үлгі аларлық білімді, білгір ұстаздары ортақ мақсатпен, бір ниетпен, бір тілекпен «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бір кісідей ел болашағы үшін еңбек етсек, әлі де біраз белесті бағындыра беретініне сеніміміз мол.
Директордың оқу ісінің орынбасарыТерликбаева Салтанат Зейнеловна
-
Фотографии
-